Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев: Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек

165
(Жаңартылды 20:56 12.06.2019)
Қазақстан президенті әкімдердің қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев наразылық орындарында кездейсоқ болған адамдарды босатуды тапсырды

Қазақстан президенті әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандығын, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

"Елімізде заң үстемдік етуі тиіс. Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бірдей. Бастысы – халықпен диалог орнату. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті әкімдердің қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек екенін айтты. Бұл әкімдер жұмысының басты көрсеткіші болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Оларды іріктеу әділ болуы шарт.

Мемлекет басшысы жастар саясатына да тоқталып, ол үшін әлеуметтік лифтілер қалыптастыру қажеттігін айтты.

"Менің тапсырмам бойынша, Президенттің кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті – резервке ең дарынды және келешегінен үміт күттіретін жас басқарушыларды іріктеу", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

165
Кілт сөздер:
жұмыспен қамту, халық, әкімдер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады
Тоқаев: шешім қабылдаған кезде халықтың пікірі сөзсіз ескеріледі
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты
Тоқаев барлық әкім мен мемлекеттік органның басшысына қатысты жарлыққа қол қойды
Тоқаев халықты толғандырып отырған басты мәселені атады
Тоқаев: таза ауыз су әрбір үйде болуы керек
Загрузка...