Саясат

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар ұсыныс айтты

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании ВЕЭС
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании ВЕЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ халықаралық қауымдастықтың назарына іліккенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде президенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының сенімді серіктестері бола алады, деп санайды президент. Оның айтуынша, ШЫҰ-ның экономикалық әлеуетін пайдалану қажет.

Тағы оқыңыз: ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

"Еуразиялық экономикалық одақ, АСЕАН (Оңтүстік-шығыс Азияның мемлекеттік қауымдастығы), БРИКС (құрамына бес ел кіреді: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы), Еуроодақ ШЫҰ-ның сенімді серіктестері бола алады. Экономикалық өсім қарқынының азаюы мен әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздық жағдайында ШЫҰ-ның орасан зор экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану керек", - деді Тоқаев Бішкектегі саммитте.

Тоқаев ШЫҰ туралы не ойлайды

Қазақстанның мемлекеттік басшысының пікірінше, ШЫҰ – әлемдегі ең тиімді халықаралық бірлестіктердің бірі.

"Жас ұйым бола тұрса да, өз дамуында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, соның арқасында халықаралық қауымдастықтың назарына ілікті", - дейді Тоқаев.

Қазақстан президенті атап өткендей, Еуропа мен Азияның ірі аймақтық бірлестіктерімен серіктестік орнату үшін үш диалог құру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына ерекше мән беру керек.

Еске сала кетсек, Елбасы 2019 жылдың сәуірінде Бейжіңдегі "Бір белдеу, бір жол" форумында "Үш Д" атты жаңа геосаяси шынайылықты енгізуді ұсынған болатын.

Тоқаев ШЫҰ саммитінде не ұсынды

Тоқаев ШЫҰ-да заманауи технопарктер бірлестігін құру қажеттігі туралы айтты.

"ШЫҰ хатшылығы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасындағы меморандум ШЫҰ елдерінің қаржылық жүйесінде осы орталықтың ерекше инновациялық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.

ШЫҰ елдерінің теміржол әкімшіліктері басшыларының кездесуіне ұйымға бақылаушы мемлекеттерден серіктестерді тарту қажет, деді ол.

Жээнбеков Тоқаевқа не айтты

Саммит аясындағы кеңейтілген отырыстағы алғы сөзінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Бішкек қаласына барды - фото

"Осы сәтті пайдаланып, қазақ тарабын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Сіздердің жеңістеріңіз – қазақ халқының сіздердің бағыттарыңызға деген нық сенімінің белгісі", — деді Жээнбеков.

Тоқаев әріптесіне Бішкекте құшақ жая қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

Қырғызстандағы ШЫҰ саммиті

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Бішкекте өтіп жатыр. Қырғыз астанасы – Тоқаев қызметіне кіріскен соң барған алғашқы қала.

Қазақстан президенті Қырғызстанның мемлекеттік басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Гани және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесулер өткізді.

ШЫҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістан кіреді. Ал бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Монғолия.

Бішкектегі ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша ұйымдағы төрағалық Қырғызстаннан Ресейге ауысады.

Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ елдері мен бақылаушы мемлекеттер басшыларын келесі саммитке шақырды. Ол 2020 жылдың 22-23 шілдесінде Мәскеуде өтеді.

Жаңалықтар
0