Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шоқан Елшібеков бұған дейін хатшылық меңгерушісінің орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik. Қазақстаннң Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де. 

Елшібеков бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.  

Тағы оқыңыз: Қазақстан президентінің іс басқарушысы тағайындалды

Бұдан бұрын Назарбаев Ардақ Әшімбекұлын Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы етіп тағайындаған еді. 

Жаңалықтар
0