Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерін тағайындады

1499
(Жаңартылды 19:23 17.06.2019)
Президент жарлығымен республикалық маңызы бар екі қала мен облыс әкімдері қайта тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды.

Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес әкімдерді тағайындады:

  • Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі;
  • Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;
  • Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі;
  • Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі;
  • Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;
  • Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі;
  • Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі;
  • Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі;
  • Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі;
  • Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;
  • Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі;
  • Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
  • Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  –  Түркістан облысының әкімі;
  • Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына бұрынғы орынбасары Ақтоты Райымқұлова жаңа мәдениет және спорт министрі болды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа ведомство - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру туралы жарлық шығарды.

1499
Кілт сөздер:
әкімдер, Шымкент, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады

556
(Жаңартылды 20:38 17.09.2020)
Партияның онлайн дауыс беруі 1-3 қазан аралығында өтетіні хабарланған болатын. Тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз1 ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Праймериз жеңімпаздары мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне енеді. Шамамен 5 500 адам іріктеледі.

Іріктеуден өтіп, алайда тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін айтқан болатын.

Ол праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек екенін жеткізді. Назарбаевтың айтуынша, партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. 

Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді қабылдайтынын жариялады.

556
Кілт сөздер:
баспасөз, Елбасы
Тақырып бойынша
Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев
"Жағдай тұрақты": Назарбаев Досаевты қабылдады
Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасын қабылдады
Ақорда ғимараты

Тоқаев Жапонияның премьер-министріне жеделхат жолдады

80
(Жаңартылды 18:43 17.09.2020)
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында Ёсихида Суганы Қазақстанға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта жаңа үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі саладағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тіледі.

80
Тақырып бойынша
"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты
"Президенттер қатысады": Тоқаев қарашада маңызды кездесу өтетінін айтты
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

1287
(Жаңартылды 13:50 19.09.2020)
Мемлекет басшысының жарлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге мораторий жариялау туралы жарлыққа толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілді:   

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

  • "12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, президенттің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін заң бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және  хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

1287
Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: жаңа министрлікті құру үшін қанша ақша керек
Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды
Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды