Саясат

Тоқаев Израиль премьер-министрімен не жайлы сөйлесті

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда, архивтегі фото
Ақорда, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар қорғаныс технологиясы саласында ынтымақтасу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.

Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль премьер-министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді 

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда Қазақстан президенті сайлауында 70,96% дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымда Нұр-Сұлтанда өтті. Сайлаудан кейін Тоқаев үкімет отставкаға кетпейтінін, алайда кадрлық ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді.  

Жаңалықтар
0