Нұрсұлтан Назарбаев

"Мемлекет бұған жол бермеуі қажет": Назарбаев ең үлкен қауіпті атады

58653
(Жаңартылды 13:43 23.06.2019)
Елбасы мәлімдегендей, Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін білмейтін жастар азат Отанынан айырылып қалатынын түсіне бермейді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Қазір еліміздің байлығына қызығатындар ішімізге іріткі салу үшін қолжаулық болатындарды іздейді. Өкінішке қарай, ондайлар табылады. Қазақстанға төнетін ең үлкен қауіп осы. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 маусымда өткен "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты, деп хабарлады Ақорда. 

Назарбаев атап өткендей, қазақ халқы бірліктің арқасында жауларын жеңіп, елі мен жерін сақтап қалған.

"Қазақты бағындырып, бодан ету үшін хандығын тартып алып, жүзге, руға бөлінуін айлакерлікпен пайдаланған. Қазір де еліміздің табыстарын көре алмайтын, байлығымызға қызығатындар аз емес", - деді ол.

Елбасы олар ішімізге іріткі салу үшін қолжаулық болатындарды, жетекке еретіндерді іздейтінін жеткізді.

"Өкінішке қарай, ондайларды табады. Бұл баяғы "бөліп ал да, билей бер" дейтін жымысқы саясат. Бізге төнетін ең үлкен қауіп осы. Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін зерттемейтін, білмейтін жастар бүгінгі еркін күнінен, азат Отанынан айырылып қалатынын түсіне бермейді", - деп толықтырды ол.  

Тағы оқыңыз: Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын не үшін жазғанын түсіндірді 

Тұңғыш президенттің пікірінше, мемлекет бұған жол бермеуі қажет. Бүкіл халық болып бірлікті, тыныштықты қолдау керек.

"Қазақ дәл бүгінгідей өмірді ешқашан көрген жоқ. Айырылып қалмайық. Менің еліме айтатын негізгі өсиетім осы. Ұлы Абайдың "біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос" дегені де осы болар. Ұмытпайық", - деп атап өтті Елбасы.

Назарбаев халық пен президент әрдайым бірге екенін айта келе, алдыңғы толқын – аға буынға сөз арнады.   

"Сіздер пайым-парасаттарыңыз бен көрегендіктеріңізге сүйеніп, жастарға дұрыс бағыт-бағдар берулеріңіз керек. Олар Отанды сүюдің, мемлекетті нығайтудың, Тәуелсіздікті қорғаудың және жарқын болашақ үшін жұмыс істеудің маңыздылығын жете түсінуге тиіс", - деп түйіндеді Назарбаев.  

58653
Кілт сөздер:
тәуелсіздік, Қазақстан, жастар, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев елдегі қазақтардың үлесі қанша процентке жеткенін мәлімдеді
Зиялы қауым Елбасының шешіміне қатысты не дейді?
Назарбаев: 18 миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық
Тәуелсіздікке 27 жыл: Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізді
"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Архивтегі фото

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етеді

20
(Жаңартылды 18:01 24.09.2020)
Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиын бейнеконференция форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кеңес кезінде АӨСШК төрағалығы Тәжікстаннан Қазақстанға табысталды. Осы орайда министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында алғаш рет жариялаған АӨСШК-ті құру туралы идеясын еске алды. Бұл бастама Азиядағы сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Министрдің айтуынша, Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, сондай-ақ, АӨСШК-тің талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады. Осы бастамаларды 2019 жылы маусымда Душанбеде өткен саммитте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. Бұдан бөлек,  басқа да аймақтық ұйымдармен сыртқы байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі.

Министрлердің кездесуінде АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры да сайланды. Бұл қызметке Қазақстанның Аустриядағы елшісі Қайрат Сарыбайдың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Айта кетейік, АӨСШК-тің негізгі мақсаты Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді және қолайлы құрылымды құруға бағытталған. Қазіргі кезде ұйымға 27 мемлекет кіреді. Бұдан бөлек, 8 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кеңестің жұмысына бақылаушы ретінде қатысады. АӨСШК хатшылығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

20
Тақырып бойынша
Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді
Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді
Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады
Қазақстан мен Қытайдың туы

Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

865
Қазақстан мен Қытайдың жаңа бағдарламасы негізгі жобалар аясында кадр алмасуды жеңілдетуге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Қытай "Алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғанын жариялады.

Бұл туралы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ҚХР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван Идің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Қытайдың сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанда қыркүйектің ортасында келіп кеткен еді.

Елші поствирустық кезеңде екі елдің ынтымақтастығы қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.

"Эпидемияның алдын алу және бақылау жүргізу қажеттілігіне байланысты, Қытай мен Қазақстанның арасындағы байланыс бірнеше айдан бері қиындаған еді, бұл әртүрлі салалардағы, соның ішінде инвестиция мен өндірістік қуат саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа белгілі бір деңгейде әсер етті", – деп атап өтті Чжан Сяо.

Сапар барысында тараптар эпидемияның алдын алу мен бақылауды реттеу аясында жан-жақты ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Екі елдің сыртқы істер министрлері маңызды жобалар аясында кадрлармен және іскер азаматтармен алмасуды жеңілдету үшін "ҚХР мен Қазақстанда алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғаны жөнінде мәлімдеді", - деді ҚХР елшісі.

Бағдарлама поствирустық кезеңде кадр алмасуды және қос мемлекет арасындағы офлайн ынтымақтастықты қалпына келтірудің алғашқы сатысы болады.

Отандық сыртқы істер министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген мәліметі бойынша, тараптар постпандемиялық кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Осы мақсатта бірлескен жобаларға қатысатын Қазақстан мен Қытай мамандарына өзара келіссөз негізінде виза беру мүмкіндігі талқыланды", - деді бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында.

Жобаны жүзеге асыру мерзімінің басталуы туралы қосымша хабарланады.

Оқи отырыңыз: "Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді

 

865
Кілт сөздер:
Қытай
 Архивтегі фото

Өзбекстанда жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі

0
Өзбекстан үкіметі жеңілдіктер жүйесін енгізе отырып, күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттауды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда жаяу жүретін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 50 проценттік жеңілдік беру жоспарланып отыр. Президенттің қаулысы талқыланып жатыр, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"Бұқаралық спортты дамыту және әрбір азаматтың өміріне салауатты өмір салтын енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Өзбекстанда "Жаңа тыныс" атты платформа іске қосылады. Негізгі мақсат – күнделікті жүгіру мен жаяу жүру салтын кеңінен насихаттау.

Оқи отырыңыз: Күн сайын 5 сағат жаяу жүретін даяшыға ерлі-зайыпты көлік сыйлады – видео 

"Бір күнде 10 мың қадамнан, айына – 300 мың, ал бір жылда 3,6 миллион қадамнан кем түспейтін жолды жаяу жүрген адамға барлық мемлекеттік қызметке 50 проценттік жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, спорт нысандарына абонемент алуға да тура сондай жеңілдік жасалады", - делінген құжатта.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанның әділет министрлігі "Жаңа тыныс" платформасын мемлекеттік қызметтер жүйесімен интеграциялап, жеңілдік беру бастамасын іске асырады.

0
Кілт сөздер:
жеңілдіктер, жаяу
Тақырып бойынша
"Намыстанамын": Арман Шораев қазақ күресінің жағдайына қатысты ойын айтты
Бекболат Тілеухан орнын босатуды талап еткендерге жауап берді
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
"Аты бар, заты жоқ". Бекболат Тілеухан садақ ата алмаған батырларды сынады