Саясат

Түркия президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Реджеп Тайип Ердоған Арыстағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайип Ердоған Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым сізге, бауырлас қазақ халқына, қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Реджеп Тайип Ердоған зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Тағы оқыңыз: Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады

Арыстағы жарылыс

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қашты. Халық Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуацияланды.

Тағы оқыңыз: Министр Ермекбаев Арыстағы жарылысқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Жаңалықтар
0