Саясат

Тоқаев президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын президент әкімшілігінің басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалған еді

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады. Мемлекет басшысының өкімдері Ақорда сайтында жарияланған.

Атап айтқанда, Марат Дәуешов президент әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұрын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған Айгүл Шайымованың не үшін қызметінен босатылғаны хабарланған жоқ.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қызылорда облысының әкімін тағайындады

Дәуешовтің орнына Бақытжан Сариев президент әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді.

Сонымен қатар Бақытжан Темірболат мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді.

Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Президент әкімшілігінің басшысы кім болды?

Жаңалықтар
0