Саясат

Тоқаев алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. Отырыс аясында бірқатар мәселе қаралады.

Бұдан бұрын үкімет басшысы Асқар Мамин хабарлағандай, президентпен бірге өтетін кеңейтілген отырыста өзге мәселелермен қатар "қарапайым заттар экономикасы" (халық тұтынатын тауарлар өндірісі) талқыланатын болады.

Тағы оқыңыз: Қарапайым заттар экономикасы: Қазақстанда несиелеу шарттары жеңілдейд

Биыл мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзінде кәсіпкерлікке тиімді қолдау көрсету мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен қолжетімді несиелеуге 600 миллиард теңге бөлініпті. Тоқаев мұны "қарапайым заттар экономикасы" тауарларын өндіруге таптырмас мүмкіндік деп атады.

Биыл қаңтар айында Қазақстанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Ол кезде президент "Қазақстан - 2025" стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2019 жылы министрлер кабинеті атқаратын жұмыс тиімділігінің негізгі критерийлерін бектіткен болатын.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев министрлерге: сендер бар болғаны қорқақсыңдар

Жаңалықтар
0