Саясат

Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда, архивтегі сурет
Ақорда, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірқатар Еуропа еліндегі Қазақстанның дипломатиялық миссиялары қайта құрылатын болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Еуропаның алты мемлекетіндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды елшілік мәртебесін беру туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссиясы Қазақстанның дипломатиялық миссиялары қайта құрылады.

"Қазақстан республикасының үкіметі осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған жарлықта.

Қазақстан президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов бірқатар Еуропа елінде дипломатиялық миссияларды қайта құруға қатысты түсіндірме жасады. 

"Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында еуропалық елдердің алатын орны айрықша. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді іске асыру үшін еуропалық тараппен жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Еуроодақтың Орталық Азия бойынша биылғы маусымда қабылдаған жаңартылған стратегиясы серіктестікті нығайту үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады", - деді Нұртілеуов.

Президент комекшісінің түсіндірмесімен өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті. 

Жаңалықтар
0