Портфель

Президент жаңа көмекшісін тағайындады

3837
(Жаңартылды 13:00 22.07.2019)
Бұл қызметке президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Аида Балаева кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Аида Балаева Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Бұған дейін бұл қызметті Тимур Сүлейменов атқарған. Ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева туралы не білеміз

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Заведующая отделом внутренней политики Администрации Президента РК Аида Балаева
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі Аида Балаева

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев демалысқа шықты

2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

3837
Кілт сөздер:
президенттің көмекшісі
Тақырып бойынша
"Өзіңізді керемет ұстадыңыз": Тоқаев өзіне жағынатын адамдар туралы айтты
"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді
"Күрделі сұрақ": Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді
Тоқаев: Қытайда жүргенде жемқорларды қалай ататынын көрдім
Тоқаев ресейлік тілшінің күтпеген сұрағына жауап берді
Архивтегі фото

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етеді

22
(Жаңартылды 18:01 24.09.2020)
Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиын бейнеконференция форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кеңес кезінде АӨСШК төрағалығы Тәжікстаннан Қазақстанға табысталды. Осы орайда министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында алғаш рет жариялаған АӨСШК-ті құру туралы идеясын еске алды. Бұл бастама Азиядағы сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Министрдің айтуынша, Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, сондай-ақ, АӨСШК-тің талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады. Осы бастамаларды 2019 жылы маусымда Душанбеде өткен саммитте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. Бұдан бөлек,  басқа да аймақтық ұйымдармен сыртқы байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі.

Министрлердің кездесуінде АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры да сайланды. Бұл қызметке Қазақстанның Аустриядағы елшісі Қайрат Сарыбайдың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Айта кетейік, АӨСШК-тің негізгі мақсаты Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді және қолайлы құрылымды құруға бағытталған. Қазіргі кезде ұйымға 27 мемлекет кіреді. Бұдан бөлек, 8 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кеңестің жұмысына бақылаушы ретінде қатысады. АӨСШК хатшылығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

22
Тақырып бойынша
Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді
Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді
Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады
Қазақстан мен Қытайдың туы

Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

881
Қазақстан мен Қытайдың жаңа бағдарламасы негізгі жобалар аясында кадр алмасуды жеңілдетуге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Қытай "Алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғанын жариялады.

Бұл туралы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ҚХР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван Идің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Қытайдың сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанда қыркүйектің ортасында келіп кеткен еді.

Елші поствирустық кезеңде екі елдің ынтымақтастығы қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.

"Эпидемияның алдын алу және бақылау жүргізу қажеттілігіне байланысты, Қытай мен Қазақстанның арасындағы байланыс бірнеше айдан бері қиындаған еді, бұл әртүрлі салалардағы, соның ішінде инвестиция мен өндірістік қуат саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа белгілі бір деңгейде әсер етті", – деп атап өтті Чжан Сяо.

Сапар барысында тараптар эпидемияның алдын алу мен бақылауды реттеу аясында жан-жақты ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Екі елдің сыртқы істер министрлері маңызды жобалар аясында кадрлармен және іскер азаматтармен алмасуды жеңілдету үшін "ҚХР мен Қазақстанда алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғаны жөнінде мәлімдеді", - деді ҚХР елшісі.

Бағдарлама поствирустық кезеңде кадр алмасуды және қос мемлекет арасындағы офлайн ынтымақтастықты қалпына келтірудің алғашқы сатысы болады.

Отандық сыртқы істер министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген мәліметі бойынша, тараптар постпандемиялық кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Осы мақсатта бірлескен жобаларға қатысатын Қазақстан мен Қытай мамандарына өзара келіссөз негізінде виза беру мүмкіндігі талқыланды", - деді бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында.

Жобаны жүзеге асыру мерзімінің басталуы туралы қосымша хабарланады.

Оқи отырыңыз: "Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді

 

881
Кілт сөздер:
Қытай
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео