Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев

Тоқаев Өзбекстан президентіне қоңырау шалды

611
(Жаңартылды 16:50 24.07.2019)
Қазақстан президенті Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі", - деп жазылған хабарламада.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Тағы оқыңыз: АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

611
Кілт сөздер:
туған күн, Шавкат Мирзиёев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қытай Тоқаевтың президент болып сайлануына қатысты пікір білдірді  
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Тоқаев Ауғанстан президентімен кездесті
Тоқаевтың атына қандай жеделхаттар келіп түсті?
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады
Загрузка...