Нұрұлтан Назарбаев, архивтегі сурет

Назарбаев: үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет

5459
Қазақстанның Тұңғыш президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы туралы баяндалды.

"Nur Otan" – еліміздегі басты саяси күш. Партия халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білуге және оған қолдау білдіруге тиіс. Қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесу керек. Сондай-ақ, партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерттеу қажет. "Nur Otan" өз жұмысын одан әрі жетілдіруді жалғастыра беруге тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы "Nur Otan" партиясының өңірлердегі филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

"Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның өңірлердегі филиалдарының басшыларымен кездесу жоспарланған. Ұйымның барлық буынының ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондай-ақ, партияның мәжілістегі және мәслихаттардағы фракциялары тарапынан үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Тоқаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев партиялық бақылау комиссияларының және орталық пен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңестерінің жұмысын жақсарту мәселесіне тоқталды. Халықпен "кері байланыс" орнату құралдарының тиімділігін арттыру, соның ішінде партияның қоғамдық қабылдау орындарының қызметін жақсарту мәселелеріне де назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы партияны қайта жандандыру бағдарламасын әзірлеуді және оны "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі бюросының қарауына шығаруды тапсырды.

5459
Кілт сөздер:
үкімет, әкімдер, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев металлургтерді құттықтады
Nur Otan партиясында бірқатар ауыс-түйіс жасалды
Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кететінін естігенде, қандай кеңес бергенін айтты
Байбек Назарбаевтың Құдайдан қандай белгі сұрағанын айтты
"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Назарбаев пен Байбек партияішілік сайлауға дайындықты талқылады

67
"Nur Otan" партиясының мүшелері арасындағы іріктеу екінші жартыжылдықта өтеді деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында Байбек Елбасына өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының нәтижелері, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен партияішілік сайлау – праймеризге дайындық туралы баяндады.

"Қазіргі таңда 10 мың партия мүшесінен құралған кадрлық резерв жасақталды. Праймериз ережелері әйелдер мен жастарға арналған квоталарды ескере отырып бекітілді. Партия өз мүшелері арасындағы іріктеуді екінші жартыжылдыққа жоспарлап отыр", - деді Байбек.

Сонымен қатар, кездесуде "Birgemiz" қорының қазіргі қызметі туралы да айтылды.

"Birgemiz" қорының қаражаты есебінен 360 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден таратылып, 240 мың отбасыға азық-түлік жеткізілген. Бұдан бөлек елорданың және Алматы қаласының медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін 2100-ден астам қызметкерге біржолғы төлем жасалды.

Сондай-ақ "Birgemiz" қорынан Мақтаарал ауданы Достық ауылының тұрғындарына баспана салу үшін 340 миллион теңге бөлінді. Партия белсенділері мен еріктілері бір мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына жіберді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев облыс әкімдерімен не жайлы сөйлескені белгілі болды

Осы орайда Назарбаев "Birgemiz" қоры арқылы шағын қалалар мен ауылдардағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды.

"Төтенше жағдай кезінде "Jas Otan" бүкіл ел бойынша бес мыңнан астам еріктіні жұмылдырды. Олар демалыссыз жұмыс істеп, мұқтаж адамдарға көмек жеткізді. Нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады. Олардың ең белсенділеріне арналған алғыс хаттарға қол қойдым", - деді Елбасы.

Тұңғыш президенттің айтуынша, қоғамдық қабылдауларға келіп түскен хаттардың саны жеті есе ұлғайып, шешілген мәселелер артып келеді.

"Бұл халықтың партияға деген сенімінің көрінісі", - деп санайды ол.

Назарбаев осы жұмысты күшейтуді тапсырды.

67
Кілт сөздер:
партия, Бауыржан Байбек, Назарбаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

196
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

196
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

0
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

0
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер