Мәулен Әшімбаев

Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

4310
(Жаңартылды 18:07 30.07.2019)
Ол бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта. 

Мәулен Әшімбаев туралы деректер

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

4310
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Мәулен Әшімбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды
Президент жаңа көмекшісін тағайындады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың демалысы қалай өтті - видео
Тоқаев "Nur Otan" төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

36
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

36
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

201
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

201
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
Теңге, архивтегі фото

Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

601
(Жаңартылды 21:23 05.08.2020)
Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 21 250 теңге төленді.

"Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Оқи отырыңыз: Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті 

Айта кетейік, шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 201 мың адамға тағайындалып, оның 2 миллион 182 мыңына ақша түсті.   

Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллионнан астам өтінімнің ішінде 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 621,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 634,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

601
Тақырып бойынша
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты
Қазақстанда қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды