Сирия бойынша екі жақты кездесулер

Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті

34
Ресей президентінің арнайы өкілі келіссөздердің бірінші күнінің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Сирия бойынша келіссөздердің аясында бейсенбіде Астаналық процесс қатысушыларының екі жақты кездесулері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей мен Иран өкілдерінің екі жақты келіссөзі жабық форматта болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеме жасайды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Астаналық процестің барлық қатысушысы Нұр-Сұлтанға келді.

Сирия келіссөздеріне кімдер келді

1-2 тамызда өтетін кездесулерге Сириядағы қақтығыстың екі тарабы да қатысып жатыр – БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастаған үкіметтік делегация мен Ахмад әл-Тоума бастаған қаруланған оппозиция.

Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар әл-Джаафари келіссөздер басталмай тұрып, тілшілерге бұл кездесудің қандай нәтиже беретінін болжау қиын екенін айтты.

Кепіл елдер арасында Ресей делегациясын президенттің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді. Түркия тарапынан сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Седат Онал қатысып жатыр. Ал Иран делегациясын сыртқы істер министрінің саяси мәселелер бойынша көмекшісі Али Асгар Хаджи басқарады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев пен Путин Сирия келіссөздерінің қорытындысын талқылады

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты келіссөздерге қатыса алмады. БҰҰ делегациясын оның орынбасары бастап келді.

Алғаш рет қадағалаушы ретінде Ирак пен Ливан делегациялары келді.

Қызыл крестің халықаралық комитеті, БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдері келді.

34
Кілт сөздер:
сириялық қақтығысты реттеу, Сирия, Нұр-Сұлтан
Загрузка...