Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді

11244
(Жаңартылды 20:54 01.08.2019)
Елбасы президенттің, үкімет пен парламенттің бірлескен жұмысы туралы айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Spuntik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады.

Кездесуде Әсет Исекешев қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады, деп жазады Елбасының ресми сайты.

Нурсултан Назарбаев принял исполнительного директора Фонда Первого Президента РК – Елбасы Асета Исекешева
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен кездесуде

Қордың атқарушы директоры Назарбаевқа талантты жастарды қолдауға бағытталған "Ел Үміті" жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қамқорлық" жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырды.

"Қор бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған "Ел Үміті" және "Қамқорлық" атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы, қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек", – деді тұңғыш президент.

Сондай-ақ, Елбасы президенттің, үкімет пен парламенттің бірлескен жұмысы туралы айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

"Президенттік өкілеттігімді тоқтатқалы бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет және ел парламенті үйлесімді әрі бірыңғай жүйеде жұмыс істеп жатыр. Қазір біз саяси және экономикалық салалардағы ортақ мәселелерді шешуді көздеп отырмыз", – деп атап өтті Елбасы.

11244
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаевпен кездесті
Назарбаев: үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет
№001 марапат: Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа медаль тапсырылды
Назарбаев Қырғызстан президентімен не туралы сөйлесті?
Назарбаев МАГАТЭ басшысының отбасына көңіл айтты
Архивтегі фото

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етеді

12
(Жаңартылды 18:01 24.09.2020)
Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиын бейнеконференция форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кеңес кезінде АӨСШК төрағалығы Тәжікстаннан Қазақстанға табысталды. Осы орайда министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында алғаш рет жариялаған АӨСШК-ті құру туралы идеясын еске алды. Бұл бастама Азиядағы сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған басты міндетті атады 

Министрдің айтуынша, Қазақстан өз төрағалығы кезінде АӨСШК Даналар кеңесі мен АӨСШК қорын құруға, сондай-ақ, АӨСШК-тің талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы ретінде қайта қалыптастыруға күш салады. Осы бастамаларды 2019 жылы маусымда Душанбеде өткен саммитте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. Бұдан бөлек,  басқа да аймақтық ұйымдармен сыртқы байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі.

Министрлердің кездесуінде АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры да сайланды. Бұл қызметке Қазақстанның Аустриядағы елшісі Қайрат Сарыбайдың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Айта кетейік, АӨСШК-тің негізгі мақсаты Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді және қолайлы құрылымды құруға бағытталған. Қазіргі кезде ұйымға 27 мемлекет кіреді. Бұдан бөлек, 8 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кеңестің жұмысына бақылаушы ретінде қатысады. АӨСШК хатшылығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

12
Тақырып бойынша
Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді
Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді
Тоқаев Мусинді цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады
Қазақстан мен Қытайдың туы

Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

804
Қазақстан мен Қытайдың жаңа бағдарламасы негізгі жобалар аясында кадр алмасуды жеңілдетуге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Қытай "Алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғанын жариялады.

Бұл туралы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ҚХР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван Идің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Қытайдың сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанда қыркүйектің ортасында келіп кеткен еді.

Елші поствирустық кезеңде екі елдің ынтымақтастығы қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.

"Эпидемияның алдын алу және бақылау жүргізу қажеттілігіне байланысты, Қытай мен Қазақстанның арасындағы байланыс бірнеше айдан бері қиындаған еді, бұл әртүрлі салалардағы, соның ішінде инвестиция мен өндірістік қуат саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа белгілі бір деңгейде әсер етті", – деп атап өтті Чжан Сяо.

Сапар барысында тараптар эпидемияның алдын алу мен бақылауды реттеу аясында жан-жақты ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Екі елдің сыртқы істер министрлері маңызды жобалар аясында кадрлармен және іскер азаматтармен алмасуды жеңілдету үшін "ҚХР мен Қазақстанда алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғаны жөнінде мәлімдеді", - деді ҚХР елшісі.

Бағдарлама поствирустық кезеңде кадр алмасуды және қос мемлекет арасындағы офлайн ынтымақтастықты қалпына келтірудің алғашқы сатысы болады.

Отандық сыртқы істер министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген мәліметі бойынша, тараптар постпандемиялық кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Осы мақсатта бірлескен жобаларға қатысатын Қазақстан мен Қытай мамандарына өзара келіссөз негізінде виза беру мүмкіндігі талқыланды", - деді бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында.

Жобаны жүзеге асыру мерзімінің басталуы туралы қосымша хабарланады.

Оқи отырыңыз: "Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді

 

804
Кілт сөздер:
Қытай
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

2
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

2
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті