Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев

Лаврентьев: Ресей Нұр-Сұлтандағы келіссөздердің алғашқы күнінің нәтижесін оң бағалайды

37
12 сағат бойы "Астана форматындағы" келіссөздерге қатысушылар Сириядағы қақтығысты шешудің өзекті мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Келіссөздер Сириядағы жағдайды өзгертуге көмектеседі, деді Ресей президентінің өкілі Александр Лаврентьев.

"Ресей Нұр-Сұлтандағы келіссөздердің алғашқы күнінің нәтижесін оң бағалайды, олар Сириядағы жағдайды өзгертуге көмектеседі", - деп мәлімдеді ол.  

Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері бейсенбіде Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздер аясында басталды. Сирия бойынша келіссөздердің келесі кезеңінің нақты келісімдері туралы айтуға әлі ерте, келіссөздер жұмада жалғасады, деп атап өтті Лаврентьев.

"Ертеңге дейін біздің үш кепілгер елдің бірлескен мәлімдемесінің мәтінімен толық келісе аламыз деп үміттенемін. Саяси процесті жеделдетудің келесі қадамдарының саяси аспектілеріне, ең алдымен, конституциялық комитетті құруды аяқтау және оның жұмысын Женева алаңында бастау туралы мәселелерге ерекше назар аударылды"- деді Лаврентьев журналистерге брифингте.

ҚР СІМ хабарлауынша, Астана процесінің барлық қатысушысы Қазақстанның елордасына келді.

37
Кілт сөздер:
келіссөздер, Сирия
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы Сирия келіссөздері аясында екі жақты кездесулер өтті
Күйеуіне хабарлама жазып жіберген: Сириядан оралған әйелдің тағдыры не болмақ
Ресей ҚК Бас штабы: америкалықтар Сириядағы соғысты жалғастырып жатыр
Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады
Загрузка...