Қазақстанның Тұңғыш президенті  Самұрық-Қазына басшысын қабылдады

Назарбаев "Самұрық-Қазынаға" әлеуметтік жобаларға көбірек қаржы бөлуді тапсырды  

60
Ахметжан Есімов Елбасыға ұлттық әл-ауқат қорының атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.  

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының дамуындағы негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы мәлімделді.

Атап айтқанда, ұсынылған есепке сәйкес, бірінші жарты жылдықтың таза пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артып, 749 миллиард теңгені құрады. Операциялық пайда және сатудан түскен кіріс тиісінше 492 миллиард теңгені және 3,3 триллион теңгені құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 36 пайызға және 12 пайызға көп.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді 

Елбасы Қордың оң дамып келе жатқанына тоқталып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға оның белсенді атсалысуы қажет екендігін атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш президенті "Қамқорлық" бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесіне назар аударды.  

"Мемлекет, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес-қоғамдастықтар тарапынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылуда. Бірақ, қазіргі таңда қызмет көрсетіп келе жатқан оңалту орталықтары нақты қажеттіліктің тең жартысын да қанағаттандыра алмауда. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өңірлерде қолданыстағы инфрақұрылым негізінде көп бейінді оңалту орталықтарын құру, сондай-ақ орта мектептерде инклюзивті білім беру ісін қолдау мақсатымен қосымша ресурсты кабинеттер ашу қажеттігін атап өтті.

"Самұрық-Қазына" әрдайым қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетеді. Сондықтан, холдинг осы бастаманы да жүзеге асыруға қатыса алады деп санаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қорға еліміздің шалғай өңірлеріндегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін білім беру жобаларын жүзеге асыруды бастау тапсырылды.

Сондай-ақ, Елбасы медициналық орталықтардың материалдық базасын жақсартуға және саланың кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған медицина саласындағы жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

60
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Самұрық-Қазына, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Қырғызстан президентімен не туралы сөйлесті?
№001 марапат: Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа медаль тапсырылды
Назарбаев: үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет
Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кететінін естігенде, қандай кеңес бергенін айтты
Нұрсұлтан Назарбаев қандай нөмірлі көлікпен жүреді
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

201
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

201
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
Ақорда

Ақорда Тоқаев пен Ердоғанның қандай келісімге келгенін хабарлады

8513
Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшылары бірін-бірі күллі мұсылманның мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына бақ-береке тіледі.

"Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады 

Әңгімелесу барысында президенттер екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Режеп Тайип Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты", - деп жазылған хабарламада.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. Екіжақты сауда-саттықтың оң қарқынын сақтаудың және бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе, денсаулық сақтау, "жаңа экономика" және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

8513
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тақырып бойынша
Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды
Ердоған Назарбаевқа телефон соқты
Тоқаев Ердоғанға табиғи апатқа байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшылары Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

0
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

0
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды