Портфель

Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады

18236
(Жаңартылды 13:50 12.08.2019)
Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Асқар Бейсенбаев  Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Ермұхамет Ертісбаев атқарған болатын.

Естеріңізге кетейік, 30 шілде күні бірнеше БАҚ-та "Асқар Бейсенбаев Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына Шымкент әкімі болып тағайындалды" деген ақпарат тарады. Алайда бұл жалған мәлімет болып шықты. Кейіннен бұл қызметке Түркістан облысының Отырар ауданын басқарған Ерлан Айтаханов тағайындалғаны белгілі болды.  

18236
Кілт сөздер:
тағайындау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қызметінен босатты
Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады
Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысын тағайындады  
"Әр нәрсенің соңы болады": Ғабидолла Әбдірахымов отставкасына қатысты пікір білдірді
Тоқаев Қазақстанның бір елшісін ауыстырды
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

201
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

201
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
Ақорда

Ақорда Тоқаев пен Ердоғанның қандай келісімге келгенін хабарлады

8513
Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшылары бірін-бірі күллі мұсылманның мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына бақ-береке тіледі.

"Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады 

Әңгімелесу барысында президенттер екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Режеп Тайип Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты", - деп жазылған хабарламада.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. Екіжақты сауда-саттықтың оң қарқынын сақтаудың және бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе, денсаулық сақтау, "жаңа экономика" және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

8513
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тақырып бойынша
Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды
Ердоған Назарбаевқа телефон соқты
Тоқаев Ердоғанға табиғи апатқа байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшылары Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

0
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

0
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды