Каспий теңізі

Түрікменстан президенті Каспийдің инновациялық қаласын салуды ұсынды

64
Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін бір жыл өткен соң бес елдің делегациясы бірінші Каспий экономикалық форумына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Каспий маңы елдерінің ғалымдары жұмыс істейтін "Каспийдің инновациялық қаласы" орталығын салуды ұсынды. Ол бұл жайында Түрікменстандағы бірінші Каспий экономикалық форумында мәлімдеді.

Түрікменстан басшысы БАҚ-та қазасы туралы хабар тарағалы бері алғаш рет ірі қоғамдық шараға қатысты. Ол форумда Каспий өңірінің логистикалық орталығын құруды ұсынып, өңір елдерінің заманауи порттық инфрақұрылым салуы қажеттігін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Каспий өңірінің логистикалық орталығын құру туралы идеяға қайта оралғым келеді. Бұл құрылым Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа транзиттік-көліктік дәліздерді тиімді пайдаланудағы біздің ортақ қызметімізді үйлестіретін болады", - деді ол.

Бердымухамедов өңірдің ғалымдары бірлесіп инновациялық ынтымақтастық модельдерін ойлап табатын "Каспий инновациялық қаласы" халықаралық инновациялық-технологиялық орталығын құруды ұсынды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Каспийдің мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойды

Бірінші Каспий экономикалық форумы Түрікменстандағы Аваза демалыс орнында өтіп жатыр. Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан мемлекет басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғаннан кейін бір жыл өткен соң бес елдің делегациясы қайта бас қосты.

Қазақстан делегациясын премьер-министр Асқар Мамин бастап барған.

Медведев форумда не айтты?

Каспийдегі ірі жобалар бес елдің мамандарының қатысуымен экологиялық сараптамадан өтуі тиіс, деп санайды Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.

"Каспий теңізіндегі барлық ірі жоба мұқият әрі әділ экологиялық сараптамадан өтуі тиіс деп білемін. Енді оны өткізу жеңілдей түседі", - деді Ресей премьері, деп жазады РИА Новости.

Тағы оқыңыз: Медведев Атамбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Медведев еске сала өткендей, былтыр трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы бес жақты хаттамаға қол қойылды,

Ресейліктер Атырауға тікелей ұшқысы келеді

Форумда Астрахань облысының губернаторы міндетін уақытша орындаушы Игорь Бабушкин Атырауға тікелей ұшу туралы идеяны қолдауды сұрады.

"Біз Қазақстанның Ақтау қаласы мен Бакуге тікелей ұшу бойынша жұмысты реттеген соң іскерлік байланыс артты. Астрахань – Ашхабад, Астрахань – Тегеран, Астрахань – Атырау тұрақты рейстерін ашуды ұсынамын", - деді ол.

Бес ел Каспий теңізін қалай "бөлісті"?

Каспий маңындағы бес елдің президенттері 2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.

Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжан мемлекет басшыларының келісімі бойынша, Каспий теңізі бетінің негізгі ауданын бес мемлекет ортақ пайдаланады. Ал теңіздің түбі мен қойнауын халықаралық құқық негізінде көршілес елдер бөліп алды.

64
Кілт сөздер:
Түрікменстан, Каспий теңізі
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

200
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

200
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
Ақорда

Ақорда Тоқаев пен Ердоғанның қандай келісімге келгенін хабарлады

8508
Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшылары бірін-бірі күллі мұсылманның мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына бақ-береке тіледі.

"Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады 

Әңгімелесу барысында президенттер екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Режеп Тайип Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты", - деп жазылған хабарламада.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. Екіжақты сауда-саттықтың оң қарқынын сақтаудың және бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе, денсаулық сақтау, "жаңа экономика" және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

8508
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тақырып бойынша
Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды
Ердоған Назарбаевқа телефон соқты
Тоқаев Ердоғанға табиғи апатқа байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшылары Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап жатыр
FlyArystan

Қазақстанның 8 қаласында жаңа әуе рейстері қатынайтын болды

0
(Жаңартылды 15:34 05.08.2020)
Республикаішілік бағыттарда қатынайтын жолаушылар 180 орындық Airbus A320 әуе кемесімен тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. 28 тамыз күні FlyArystan Airlines сегіз бағытқа жаңа аймақтық рейстерді іске қосады.

Жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымаладушы компания 5-7 тамыз аралығындағы рейстерге 20%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Ал ел ішінде қатынайтын ұшақтар бағыты мынадай:

  • Қарағанды ​​- Шымкент - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Атырау - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Ақтау - Қарағанды;
  • Атырау - Қостанай - Атырау;
  • Атырау - Қызылорда - Атырау;
  • Шымкент - Қостанай - Шымкент;
  • Шымкент - Өскемен - Шымкент;
  • Шымкент - Павлодар - Шымкент.

"Эйр Астана" компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын FlyArystan әуекомпаниясы сол кездегі президент Назарбаевтың республикаішілік арзан әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы талабынан кейін құрылды. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания 1,3 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылға қарай әуе паркін 15 ұшаққа дейін көбейту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

0
Кілт сөздер:
жолаушылар, ұшақ
Тақырып бойынша
Бір жолаушысы бар ұшақ Мәскеуге жоспарсыз қонды
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?