Тамыз конференциясының қатысушылары

Жалақы екі есе өседі: Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтіні

4718
Тамыз конференциясына қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан аса ұстаз келді

 НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Bіlіm jáne Ǵylym!" атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.

Қадірлі ұстаздар!

Құрметті әріптестер!

 Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын.

Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер.

Мен де бүгін Сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын.

Ең алдымен, білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласымды білдіремін.

Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер.

"Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез", – деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. 

Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген халқымыз.

Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік.

Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет.

Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі.

Мағжан Жұмабаев "Педагогика" еңбегінде: "Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті" дейді.

Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады.

Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт.

Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс.  

Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді.

Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше.

Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды.

Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес.

Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс.

Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек.

Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс.

Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.

Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы.

Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.

"Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті.

 Уважаемые участники совещания!

 Сохраняя лучшие традиции отечественной системы образования, мы, тем не менее, не должны стоять на месте.

Система образования должна находиться в поиске, постоянно развиваться.

Поэтому главная надежда возлагается на учителей, способных воспитать поколение, открытое всему новому и прогрессивному.

Задача педагогов и, конечно, родителей – воспитание достойных граждан нашей страны.

Достойный гражданин – это человек, обладающий суммой необходимых знаний, которые будут использованы на благо нашего Отечества.

Достойный гражданин – это патриот Казахстана.

Другой Родины у нас нет!

Лайықты азамат – бұл білімді, Отанына адал, елін, жерін сүйетін адам.

Бұл әлемде Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елін шынайы сүйетін азаматтарды тәрбиелеу – ұстаздардың мақсаты.

Мы должны опираться на юное, подрастающее поколение, чтобы передать им в руки судьбу нашего государства.

В смене поколений состоит смысл жизни. Это, по сути, закон жизни.

Но наша задача состоит в том, чтобы подготовить новое поколение к грядущим трудностям и вызовам.

Новое поколение должно быть воспитано на идеях и ценностях трудолюбия.

Наши дети должны хорошо понимать, что без трудолюбия они в сложнейших условиях грядущей эпохи окажутся неконкурентоспособными.

Упорный труд, постоянное саморазвитие, неустанный поиск – это основа успеха в XXI веке, где роботы с искусственным интеллектом будут заменять людей во многих профессиях.

Именно в воспитании трудолюбивой нации заключается фундаментальная задача наших педагогов.

Для этого важно быть на передовой мировых новаций и изменений в глобальном образовании.

Сегодня революции в сфере IT и биотехнологий меняют жизнь человечества.

Поэтому система образования нуждается в быстрой адаптации к новым реалиям.

Ведущие школы мира усиленно занимаются развитием креативного потенциала детей, обучают цифровым технологиям и точным наукам.

Педагоги меняют методики обучения в сторону игровых форматов, находятся в постоянном поиске обучения новым профессиям и навыкам.

Все мы едины в своем стремлении сделать Казахстан процветающей и развитой страной.

Ключ к этому – качественное, доступное и современное образование.

Сейчас, как никогда, важно придать новый, мощный импульс развитию данной сферы.

И сегодня я хочу поделиться своими соображениями по решению актуальных проблем отечественной системы образования и науки.

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ. Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.

Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер.

Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек.

Білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің есепке алынбайтыны.

Бүгінде мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым министрлігінің салалық құрылымдары өткізетін курстармен және семинарлармен шектеледі.

Мұндай шаралардың қажет екені түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдер қауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады.

Показательный пример проведение в 2018 году так называемых «сертификаций», в результате которых 35% педагогов не смогли преодолеть пороговый уровень.

Правильная идея оценки уровня подготовленности учителей была реализована крайне бюрократично и однобоко.

Такого рода квазиреформы приводят к снижению престижа профессии учителя.

Надо иметь в виду, что условия труда педагогов серьезно ухудшаются из-за постоянного увеличения отчётности для контролирующих структур.

Психологическую нагрузку на педагогов и учащихся накладывает и оценочная система знаний в рамках обновленного содержания образования.

При негативных результатах педагоги подвергаются давлению со стороны руководства учебного заведения, поскольку оценки влияют на рейтинг школы.

Система оценки, безусловно, нужна. Но подходить здесь нужно взвешенно и объективно, тем более, следует исключить давление на педагогов.

Не прекращается порочная практика, когда местные акиматы зачастую злоупотребляют своими полномочиями, задействуя преподавателей в административных целях, разного рода мероприятиях, не имеющих никакого отношения к системе образования.

Поручаю Правительству принять срочные, кардинальные меры по решению указанных проблем.

Каждый родитель хочет, чтобы его дети получили высшее образование.

И это абсолютно нормальное желание и явление.

Но сегодня более актуальный вопрос – востребованность будущего выпускника на рынке труда.

Для этого необходимо обеспечить высокое качество образования в вузах.

Без повышения качества учебного процесса последовательное увеличение образовательных грантов из блага может превратиться в мину замедленного действия.

Поэтому в погоне за обеспечением доступности высшего образования нельзя допустить его девальвации.

Правительству следует детально изучить вопрос стоимости государственных грантов, их адекватности современным реалиям.

Министерству образования и науки необходимо пересмотреть свои требования и нормативы, предъявляемые к вузам.

К примеру, из-за требования к соотношению численности студентов к преподавателям вузы вынуждены искусственно раздувать штат, ограничивать инвестиции в качественное повышение учебного процесса.

ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ. Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі.

Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс.

Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет.

Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет.

Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс.

Кең ауқымда өтіп жатқан "Бірге – таза Қазақстан" экологиялық акциясын дәл осындай бағыттағы өте қажетті, дұрыс бастама деп санаймын. Мұндай шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз.

Но хорошо известно: "чисто не там, где убирают, а там, где не сорят".

Нашим детям необходимо прививать экологичное сознание, всячески культивировать культуру бытовой чистоты, гигиены, учить пониманию исключительной важности защиты природы. Как это делается, например, в странах Северной Европы.

Все эти установки отражены в программных статьях Елбасы "Рухани жаңғыру" и "Семь граней Великой степи".

Педагогам предстоит продвигать эти ценности на всех ступенях образования, во всех образовательных учреждениях, в том числе частных.

В негосударственных дошкольных мини-организациях зачастую воспитательно-образовательный процесс практически отсутствует.

Воспитатели не всегда руководствуются требованиями Государственного общеобязательного стандарта.

Из материалов СМИ мы часто узнаем о вопиющих случаях избиения детей, их содержании в ненадлежащих условиях.

Поручаю Правительству принять все необходимые меры, включая законодательные, для обеспечения высокого качества дошкольного обучения и воспитания.

Считайте, что это приоритетная задача.

Здесь также важно сказать и о проблеме суицидов в детской и подростковой среде.

Это трагедия для всех нас. Всем нам надо серьезно задуматься, почему дети идут на такой шаг.

Формирование твердых жизненных установок является, по-сути, базовым критерием качества воспитательного процесса.

Наша общая задача – это воспитание нового поколения оптимистов, обладающих твердой волей к преодолению жизненных неурядиц.

По-другому никак нельзя, ведь "жизнь прожить – не поле перейти".

ТРЕТЬЕ. Необходимо определить дальнейшую стратегию развития среднего образования.

Сегодня в мире сложился определенный стандарт общего среднего образования, рассчитанный на 12-летнее обучение.

Сохраняется также тенденция увеличения продолжительности учебного процесса в начальной школе.

В 60% стран мира школьное обучение начинается с 6 лет, что способствует более раннему интеллектуальному развитию и социализации ребенка.

Поручаю Правительству обеспечить продуманный, плавный переход к новой 12-летней модели в рамках реализации новой Госпрограммы развития образования и науки до 2025 года.

Вместе с тем, важно понять, в каком направлении будет двигаться техническое и профессиональное образование.

Вызывает обеспокоенность и медленная реализация проекта "Жас маман". Механизмы осуществления данного проекта не отработаны, перечень специальностей не утвержден.

Правительству следует принять исчерпывающие меры, чтобы, наконец, запустить данный проект, определить конкретные сроки и предложить четкий алгоритм действий.

Еще один актуальный вопрос – модернизация среднеспециальных учебных заведений в соответствии с требованиями времени и потребностями рынка труда.

Практика показывает, что акцент
только на материально-техническом переоснащении действующих колледжей является ресурсозатратным подходом.

Поручаю Правительству комплексно подойти к развитию организаций ТиПО, определив стратегические ориентиры в вопросах перехода колледжей в доверительное управление крупных предприятий, развития дуального обучения, трудоустройства выпускников.

Хороший пример - колледж по подготовке кадров для нефтяной отрасли в Атырау, который я посетил недавно в рамках своего рабочего визита накануне президентских выборов.

ЧЕТВЕРТОЕ. Требует своего решения проблема трехсменных и малокомплектных школ.

На сегодня из 7 014 действующих общеобразовательных школ 128 являются трехсменными и 31 – аварийными.

В 2019-2020 годы за счет республиканского бюджета предусмотрено строительство 35 школ для ликвидации трехсменного обучения и 7 школ взамен аварийных.

Всего же за годы Независимости построено 1 198 школ. Мы будем и дальше продолжать строительство и модернизацию школ, учитывая демографические тенденции, связанные с увеличением численности населения.

Однако министерству образования и науки необходимо пересмотреть подходы при планировании расходов на строительство школ, в частности, перейти от пообъектного планирования к нормативному.

Акимам регионов следует четко отслеживать демографические и миграционные показатели на местах с целью оценки потребностей в ремонте или строительстве новых школ.

Необходимо также предусмотреть и строительство частных школ через механизмы государственно-частного партнерства.

Приоритетным вопросом является эффективное развитие малокомплектных школ.

Многие отдаленные населенные пункты существуют только благодаря школе.

Поэтому нельзя бездумно закрывать такие учебные заведения, нужен сбалансированный, продуманный подход с акцентом на развитии перспективных населенных пунктов.

Әрбір шағын комплектілі мектептің ахуалы ауыл тағдырымен тікелей байланысты.

Ал, ауыл – біздің алтын бесігіміз.
Ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан, оны сақтап қалуымыз керек.

БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ. Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып.

Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет.

Бұл – өте маңызды.

"Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті" – дейді академик Ахмет Жұбанов. 

Бұл сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс.  

Үштілді жүйеге көшу оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады.

Бұл ретте, ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты.

Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын.

Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет.

ШЕСТОЕ. Важно осуществить реальное повышение статуса педагога.

Все, о чем мы сейчас говорим, напрямую зависит от учителей.

Для повышения конкурентоспособности нации нам необходимо на деле добиться высокого статуса для наших педагогов.

В проекте Закона "О статусе педагога" предусмотрены комплексные меры поддержки.

Это и сокращение нагрузки учителей, и гарантия защиты чести и достоинства, и материальные стимулы.

Важнейшие из них – доплата в двукратном размере за классное руководство и проверку тетрадей; увеличение периода отпуска для всех педагогов до 56 дней; доплата за степень магистра и другие меры.

Отдельно предусмотрены нормы по сокращению нагрузки на педагога, установлению запрета на привлечение к несвойственным функциям, предоставление чрезмерной отчетности, проведение необоснованных проверок.

Несмотря на декларируемое сегодня повышение зарплат учителей, многие доплаты исчисляются от базового должностного оклада.

Поэтому 500 тысяч педагогов страны не чувствуют существенного повышения. Надо прямо об этом сказать.

При этом заработная плата остается одной из низких и составляет 65% от средней заработной платы по экономике. С этим мы, конечно, мириться не будем.

Поручаю Правительству в целях привлечения квалифицированных кадров в систему образования увеличить заработную плату учителей в 2 раза в течении четырех лет.

Полагаю, что принятие Закона и указанных мер приведет к существенным изменениям в жизни учителей.

Задача Правительства – обеспечить практическую реализацию всех принятых норм.

СЕДЬМОЕ. Важно преодолеть образовательное неравенство.

Данная проблема актуальна для многих развитых стран и тесно связана с социально-экономическим благополучием населения.

У нас не должно быть различий в уровне образования между детьми в городе и на селе. Стандарты образования должны быть едиными. То же самое касается и программ образования.

Все дети независимо от места проживания или социального статуса их родителей должны иметь доступ к качественному образованию.

Поручаю министерству образования и науки разработать и запустить специальные программы по преодолению академического отставания детей из семей с низким уровнем дохода или из школ, работающих в сложных социальных условиях и демонстрирующих низкие результаты.

Акимы областей должны принципиально заняться данным вопросом. Это их прямая ответственность – создавать все необходимые условия для детей на местах.

О каком качестве образования можно говорить, когда во многих малокомплектных школах в сельской местности один учитель вынужден преподавать несколько предметов.

Поручаю акимам регионов обеспечить выделение грантов на привлечение лучших менеджеров и педагогов в школы областей.

Образование – это стратегическая сфера, фактически – отрасль экономики, поэтому требует серьезного внимания и капитальных вложений.

Только так можно обеспечить устойчивое развитие регионов и страны в целом.

Акимы должны регулярно выделять собственные гранты на обучение в вузах, продумав систему закрепления выпускников на местах.

В современном мире инвестиции в образование и развитие человека дают устойчивый и долгосрочный экономический рост.

Государственные инвестиции в человеческий капитал, по сути, самые перспективные.

Родители, напрягая все семейные ресурсы, стараются дать своим детям качественное образование. Государство должно им помочь.

Правительство обязано думать об образовании как о приоритетной сфере своей деятельности.

Сегодня наибольший прирост глобального ВВП дает сектор интеллектуальных услуг. И это восходящая тенденция.

В будущем, а это время не за горами, миром будет править искусственный интеллект.

ВОСЬМОЕ. Необходимо обеспечить прозрачность финансирования науки.

Распределение грантового финансирования по итогам прошлых конкурсов показало необходимость совершенствования работы национальных научных советов и обеспечения прозрачности финансирования науки в целом.

Процедура отбора заявок также вызывает нарекания в силу своей громоздкости и закрытости.

В научной среде отмечается недоверие к системе финансирования, а также определенный раскол между возрастными и молодыми учеными.

Поэтому поручаю Правительству разработать концепцию дальнейшего институционального развития науки с выходом на конкретные практические предложения.

Отдельно хотел бы обратиться к родительской общественности.

Известный педагог Василий Сухомлинский отмечал: "Ребенок – это зеркало семьи; как в капле воды отражается солнце, так в детях отражается нравственная чистота матери и отца".

Поэтому роль родителей в развитии детей трудно переоценить.

Нельзя перекладывать всю ответственность за обучение и воспитание наших детей на детские сады и школу.

Именно в семье формируется личность. Все родители должны об этом помнить и воспитывать своих детей в атмосфере уважения к труду учителей.

Құрметті форумға қатысушылар!

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының "Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек" деген сөзі бар.

Осыған орай, барлық мақсат-міндеттер Үкімет әзірлеп жатқан "Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында" толық қамтылуы тиіс.

Бұл бағдарламаның жобасын халықпен кеңесіп, кеңінен талқылау қажет.

Бұған қажетті ресурстар жеткілікті.

Баршаңызға жаңа оқу жылында табыс тілеймін! 

4718
Кілт сөздер:
жалақы, тамыз конференциясы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Он екі жылдық білімге бірқалыпты көшуді қамтамасыз ету керек - президент
Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа білім министрі мектептерге Әліппені қайтаруға уәде берді
Министр ҰБТ-ға қандай жаңашылдық енгізілетінін айтты
Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды
Загрузка...