Парламент палаталарының бірлескен отырысы, архивтегі сурет

Танымал қазақ актері мәжіліс депутаты болды

918
(Жаңартылды 19:10 16.08.2019)
Парламент мәжіліс төрт жаңа депутатпен толықты

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанды, деп хабарлайды Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының ресми сайты.

"Саяси кеңестің бюро отырысында Nur Otan партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісі депутаттарының мандаттарын Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Жаңа депутаттар туралы не білеміз

Гульшара Абдыкаликова
© Photo : Служба центральных коммуникаций
Гүлшара Әбдіқалықова

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда туған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Қазақстанның оныншы мемлекеттік хатшысы болды. 2019 жылдың 25 ақпанынан премьер-министрдің орынбасары болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurlan Alimzhanov (@nurlan_alimzhanov_official)

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.

Нуржан Ашимбетов
© Sputnik /
Нұржан Әшімбетов

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда туған. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі.

Жулдыз Омарбекова
© Sputnik / Владислав Воднев
Жұлдыз Омарбекова

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. Қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды, Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, "Бауыржан" қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

918
Кілт сөздер:
Назарбаев, "Елбасы жолы. Астана", Нұрлан Әлімжанов, Гүлшара Әбдіқалықова, мәжіліс депутаты
Загрузка...