Бердібек Сапарбаев

Тоқаев Бердібек Сапарбаевты министр қызметінен босатты

23918
(Жаңартылды 11:15 20.08.2019)
Бердібек Сапарбаев ақпан айынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз  — Sputnik. Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", - деп жазылған Тоқаевтың жарлығында.

Бұған дейін вице-премьер қызметін Гүлшара Әбдіқалықова атқарған болатын. Ол депутат мандатын алды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов. Үкімет басшысының тағы бір орынбасары - Жеңіс Қасымбек.

Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?

Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.

23918
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Бердібек Сапарбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады
Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды  
Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісін ауыстырды
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

39
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

39
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

201
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

201
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты