Nur Otan мүшелері, архивтегі сурет

"Орнымызға басқа партия келеді": Назарбаев нұротандықтарға үндеу жасады

7052
(Жаңартылды 16:48 21.08.2019)
Елордада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарына жауапкершілікті еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанын бәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. Nur Otan еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымау үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл құр әншейін айтылған сөз емес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін ұйымбыз. Егер де ондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтан жауапкершілікті әр уақытта түсінуіміз керек", деді Назарбаев саяси кеңестің кеңейтілген отырысында.

Елбасы 2050 жылға қабылданған бағдарламада Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіргізу міндетін қойғанын атап өтті.

"Барлық бағдарлама осыған байланысты. Индустриялық бағдарлама, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина, ағарту жұмыстары – барлығы бір мүддеге жету үшін жасалып жатыр. Сондықтан бәріміздің ойымыз осы мақсатқа жету болу керек", - деді ол.

Бұған қоса, Назарбаев 2015 жылдан бастап елімізде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. Ол: тиімді мемлекеттік аппарат, заң үстемдігі, экономикалық өсім, болашағы бір ұлт, транспарентті және есеп беретін мемлекет.

7052
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев еліне жаны ашитын қазақстандықтарға үндеу жасады
Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Назарбаев: халық біздің жұмысымыздың нәтижесін көріп отыр
Тоқаев үкімет пен парламентке тапсырма берді
Тоқаев өзінің атына келіп түскен өтінішке жауап берді
Загрузка...