Саясат

Тоқаев 2 қыркүйекте қандай мәлімдеме жасайды – саясаттанушы пікірі

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы Талғат Қалиев мемлекет басшысы педофилия және жыныстық зорлық-зомбылықтан бөлек, әлеуметтік қолдау шараларына тоқталады деген болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні халыққа жолдауы кезінде әлеуметтік қолдау шараларына тоқталуы мүмкін. Мұндай ойымен Kaliyev channel Telegram-каналында саясаттанушы Талғат Қалиев бөлісті.

"Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі сөз болуы тиіс. Бұл, әсіресе, балалар үшін маңызды. Мұндай жол адам капиталын дамытуда жәрдемақы таратуға қарағанда әлдеқайда тиімдірек болады", -  деп болжайды Қалиев.

Ол президент жолдауында педагогтардың жалақысын екі есеге арттыру, қазақстандық экспорт үлесін көбейту және кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтеруі мүмкін деп отыр. Ішкі саяси мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс.

"Тоқаев президент болғалы интернет проблемасы артта қалды, бейбіт жиындар өткізу уәдесі де сақталып келеді. Қазір мұндай жиындарға ешкім таңғалмайды. Екінші президенттің либералды көзқараста екені көрініп тұр", - деп жазады саясаттанушы.

Тоқаевтың бірінші жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына алғаш рет жолдау жариялайды. Бұл күні үкімет палаталарының бірлескен отырысы жоспарланған.

Тоқаевқа балаларға зорлық-зомбылық көрсету жөніндегі істерді қалалық немесе облыстық деңгейде қарастыру ұсынылған болатын. Мұндай ұсынысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын білдірді.

Жаңалықтар
0