Саясат

"Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ": Қазақстан президенті Асқар Маминді қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Мамин мемлекет басшысына жолдауды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық іс-қимыл жоспары туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша премьер-министр Асқар Маминнің жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратын тыңдады.

"Жолдаудың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуы ғана азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырып, экономиканың құрылымдық жаңғыруын қамтамасыз етеді. Жолдауда қойылған міндеттер белгіленген мерзімде мүлтіксіз орындалуы тиіс. Үкімет жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастағаны дұрыс болды. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Барлық министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің басшылары реформаларды тиімді және уақтылы жүзеге асыруға өздері жауапты болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Оның айтуынша, айтылған уәделерді орындау орталық пен өңірлерде, бірқатар заң жобалары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қоса алғанда, маңызды әрі үйлесімді жұмысты талап етеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы - толық мәтін

 

Жаңалықтар
0