Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы

Тоқаев халықтың Қытайға қарсы наразылығы туралы не ойлайтынын айтты

12485
(Жаңартылды 12:05 06.09.2019)
Тоқаев алыпқашпа әңгімелерді таратушылардың мақсаты халықтың бірлігін бұзып, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында тарап жатқан алыпқашпа әңгімелерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы уақытта "жер шетелдіктерге сатылады екен" немесе "көрші елдің 55 ескі зауытын көшіреді, оған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен" деген сияқты қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай алыпқашпа әңгімелерді жаман ойлайтындар таратады. Олар халықтың патриоттық ұстанымына шебер манипуляция жасап отырады",-деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, ондайда эмоцияға тез берілетін адамдарды пайдаланып жатады. Сөйтіп, өз мақсаттарына жетуге тырысады.

"Бұндай манипуляциялар геосаясаттың бір бөлшегі екенін де түсіну керек. Негізгі мақсат — халықтың бірлігін бұзып, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру. Алайда біз дана халықпыз және ондайды ажырата аламыз. Ал биліктің негізгі міндеті — диалог арқылы халыққа мемлекеттік саястаттың мақсаттарын жан-жақты түсіндіру. Шыны керек, дәл осы жұмысты кей кезде дұрыс істемейміз",—деп атап көрсетті Тоқаев.

Осы орайда Тоқаев жерге қатысты өз ұстанымын тағы да жеткізді. Сондай-ақ, шетелдік инвестициялар не үшін тартылып жатқанын түсіндірді.

"Біз ұлттық мүддені қашанда бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, басты назарда болады. Шетелдік инвестициялар тек қажетті салаларға ғана тартылады. Жалпы, шетелдік инвестицияларсыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмаймыз. Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдер инвестиялардың арқасында жетістікке қол жеткізді ",—деді Тоқаев.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда биыл Тоқаевтың жарлығымен маусымда құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. 

Ұлттық кеңес не үшін құрылды

Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Участники перед заседанием Национального совета общественного доверия  во Дворце Независимости
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы

Ұлттық кеңес аясында үш бағыт – саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған. Тамыз айының соңында консультативті-кеңесші органның ұйымдастырушылық кездесуі өткен болатын.

Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі арқылы жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12485
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев: қазақстандықтар өз пікірлерін ашық түрде айта бастады
Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын ашты
Тоқаев алдағы сайлауларға қатысты пікір білдірді
Загрузка...