Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Қазақстан президенттік басқару формасындағы мемлекет болып қала беруі керек - Тоқаев

119
Тоқаев мемлекеттің басқару формасына қатысты не ойлайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан президенттік республика болып қала беруі тиіс. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан президенттік басқару формасындағы мемлекет болып қала беруі керек екеніне сенімдімін. Бірақ парламент саяси жүйеден ойып тұрып орын алуы керек. Мәселе сайлау туралы заңнаманы жетілдіруде ғана емес, ол жетілдірілетін болады, әрине. Парламент қолданыстағы заңнама аясында мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауда өз орнын ойып алуы керек", - деді Тоқаев.

Президент алда кәсібилікті, өзара сыйластық пен шыдамдылықты талап ететін жауапты жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

"Өз жолдауымда мен саяси жүйені жаңғырту қажет екенін атап өттім. Елдің қоғамдық-саяси өмірін өзгертпей экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екені анық", - деді ол.

Президент Касым-Жомарт Токаев открыл первое заседание национального совета общественного доверия
© Sputnik / Абзал Калиев.
Нұр-Сұлтанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр

Тоқаев өзінің мемлекеттік билік формуласын еске салды. Ол күшті және құзырлы президент, ықпалды және іске жарамды парламент, халыққа есеп беретін үкімет.

"Бұл формула әзірге іске аспай отыр. Оны практика жүзінде іске асыру керек", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Кеңес биыл маусымда Тоқаевтың жарлығымен құрылған болатын. 

119
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Билік тізгінін соларға тапсырамыз": Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді
Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын ашты
Тоқаев: қазақстандықтар өз пікірлерін ашық түрде айта бастады
Тоқаев халықтың Қытайға қарсы наразылығы туралы не ойлайтынын айтты
Загрузка...