Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың іскер топтарының өкілдерімен кездесті

Тоқаев: Қазақстанға қытай туристерін тартуға мол мүмкіндік бар

56
(Жаңартылды 16:41 11.09.2019)
Мемлекет басшысы көрші елдің іскерлік ортасын Қазақстанда қытайлық 5А стандарттарына сәйкес туристік орталықтар салуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай іскерлік орта өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Іскерлік ортамен жиынның ашылуында президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан мен Қытайдың 27 жылдық ынтымақтастығының нәтижесінде екі ел арасында қарым-қатынас нығайып, жан-жақты стратегиялық әріптестік қалыптасқанын айтты. Бұған екі елдің жоғары деңгейде сенімді диалог орнатуы негіз болғанын да тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде екі мемлекет арасындағы байланыстың нығаюына Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің достығы зор үлес қосқанын да баса атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз - Тоқаев

Президент Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор деп есептейді. Екі жақты әріптестіктің басым бағыттарын атап өткен мемлекет басшысы екі елдің бизнес-өкілдері болашақта атқаратын жаңа міндеттерге де тоқталды. 

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта инновациялық және ғылыми-техникалық бағыттарға зор ықылас бөлу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол аталған бағыттарда Қазақстан Қытаймен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін де жеткізді.

Президент туризм саласы бойынша да ой қозғап, өзара іскерлік байланыс пен рекреациялық туризм үлкен қарқынмен дамып жатқан Қазақстанға қытайлық туристерін тартуға да мол мүмкіндік барын айтты. Осы ретте мемлекет басшысы көрші елдің іскерлік ортасын Қазақстанда қытайлық 5А стандарттарына сәйкес туристік орталықтар салуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы саласындағы қарым-қатынастың мүмкіндігі зор екеніне тоқталды. Бұл мәселеде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды рөл атқаратынын еске салды. Президент "Астана" ХҚО базасында RMB Connect механизмі құрылатынын жетізді.

"RMB Connect жобасы юаньмен инвестициялар салуға мүмкіндік береді. Жаңа экожүйе Қытай юанінің әлемге таралуына елеулі үлес қосатынына және Қазақстан кәсіпорындары мен өңірдегі өзге елдер үшін юаньмен операция жасау бойынша жаңа есеп айырысу-клиринг орталығына айналатынына сенімдімін",–  деді мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда "Бизнеске арналған үкімет" (Government to Business) форматындағы өзара іс-қимыл іскерлік ынтымақтастықты жандандырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Президент айтқандай, бұл кездесу Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық әріптестігін тереңдетуге нақты қадам болады.

56
Кілт сөздер:
Қытай, туристер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді: президент не туралы айтты
"Билік тізгінін соларға тапсырамыз": Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді
Тоқаев қазақтың мемлекеттілігі бәріне бірдей ұнамайтынын айтты
Тоқаев Қытайда тек қазақ тілінде сөз сөйлеп жүр
Ұшақ терезесінен қарағанда, архивтегі сурет

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты

42
(Жаңартылды 13:11 23.09.2020)
Біздің елде тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының бұзылуы бойынша 2020 жылдың ақпанында Қазақстанға хат ұсынылған болатын

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қару жеткізу жөніндегі тыйымын бұзған қазақстандық үш әуекомпания бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік бұл жұмыстар "Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС және "Jenis Air" ЖШС-ға қатысты жүргізілгенін хабарлады.

Әуе кемелерінің меншік иелері – Біріккен Араб Әмірліктері (SPACE CARGO INC., AGANYA LTD) мен Британ Виргин аралдарында (LTD "Infinitive Seal Inc.") тіркелген шетелдік компаниялар.

Бұл ұшақтар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. Ұшақтардың негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылған.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан бақыламайды. Керісінше, ұшу жүзеге асырылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органдары жүкті қадағалайды", – делінген хабарламада.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ICAO стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінің талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылдың 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, аталған үш әуе компанияның азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификатын, соның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.

Оқи отырыңыз: Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді

42
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, әуе қатынасы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Отандық әуе компаниясы Сауд Арабиясына тұрақты ұшуға рұқсат алды
Bek Air әуе компаниясы рейстерді қай уақытқа дейін тоқтатқаны белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында сөйлеп тұрған сәті

Тоқаев БҰҰ-ның саяси дебатында сөз сөйлейді: президент не туралы айтады - видео

90
(Жаңартылды 11:06 23.09.2020)
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 75-ші сессиясы Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді", - деп жазылған Ақорданың Твиттер-парақшасында.

Президент сөзі қазіргі әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді шешуге арналмақ.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастық және өзара сенім білдірудегі БҰҰ-ның рөлін күшейтуге назар аударады.

"Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін орнықты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру, жасыл экономиканы дамыту, Орталық Азиядағы өңірлік іс-қимылдарды жандандыру мәселелеріне мән береді", - деп хабарлады Ақорда.

Дебат барысында Тоқаев елдің ішкі саясатына да қатысты мәселелерді қамтиды, соның ішінде халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының іске асуына тоқталады.

Қазақстан президенті бірқатар халықаралық бастама көтереді, соның бірі бүкіл әлемдегі еріктілердің еңбегін құрметтеуге бағытталған.

Мерейтойлық сессия

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен ұлттар ұйымының 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасады. Президент өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ миссиясы мен Жарғысын берік ұстанатынын атап өтіп, еліміз тұрақты, әділетті және өркендеген әлем құру жолындағы ортақ міндетті жүзеге асыруға белсенді атсалысатынын айтты.

Біріккен ұлттар ұйымының мерейтойлық сессиясы Нью-Йоркте "Біз қалаған болашақ, бізге керек Біріккен Ұлттар Ұйымы: көпжақтылық жолын ұстайтынымызды растау" ұранымен өтіп жатыр.

90
Кілт сөздер:
видео, Қасым-Жомарт Тоқаев
Түн мезгіліндегі әйел сұлбасы, архивтегі сурет

Бішкекте қазақстандық әйелдерді асқан жауыздықпен өлтірген: қаскөйлер қалай ұсталды

0
Осыдан сегіз жыл бұрын мемлекеттік шекара маңындағы банда полицияны аяғынан тік тұрғызды. Олардың құрбаны - Қазақстаннан барған бірнеше кәсіпкер. Сол кезде бұл қылмыс халықаралық жанжалға ұласа жаздаған еді

2012 жылдың ортасында Аламудун ауданының аумағында бірнеше ай бойы тәртіп сақшылары қарақшылардың ізіне түседі. Олар саудагер әйелдерді тонап қана қоймай, асқан жауыздықпен зорлаған. Бұл топтың темірдей тәртібі бар еді: ол – құрбандарды тірі қалдырмау. Бірақ қылмыскерлерден зәбір көрген әйелдердің бірі аман қалады...

Сол жылдары "Дордой" базары бүкіл Орта Азия аймағының көтерме саудагерлері арасында өте танымал еді. Демалыс күндері жүздеген саудагер, кейбірі топ-тобымен, енді бірі жалғыз жүріп Қырғызстанның шекарасын кесіп, арзан тауар сатып алу үшін осы базарға ағылады.

Қарақшылар туралы алғаш рет 2012 жылдың жазында айтыла бастады. Сол кезде 38 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны олардың құрығына ілігеді. Қылмыскерлер әуелі оны зорлайды, кейін Үлкен Шу каналына ағызып жіберуге шешім қабылдайды. Бұл аз дегендей, саудагердің басынан бірнеше рет таспен ұрады. Әйелдің тыныс алмай жатқанына көз жеткізгеннен кейін оның денесін суға тастайды. Кейінірек белгілі болғандай, тірі қалған келіншекті жолдың шетінен жүк көлігінің жүргізушісі тауып алып, аудандық ішкі істер бөліміне алып келген.

...Таң қылаң бере АІІБ кезекші бөліміне қатты соққыға жығылған, киімдері қанға боялған әйел келеді. Кезекші милиционер оның әңгімесін тыңдай келе, мұның қарапайым тұрмыстық жанжал емес, қоғамдық резонанс тудыратын ауыр қылмыс екенін түсінеді. Тәртіп сақшысы зардап шеккен қазақстандық азамат туралы дереу басшылықты хабардар етеді. Бір сағат өтпей жатып, аудандық бөлімге ауыр қылмыспен айналысатын мамандар жетті. Олар тергеу барысында бірнеше әйелді зорлап, біреуін өлтірген қандықол  қарақшылардың ізіне түседі.

Неден басталды

Банданың қылмысы туралы бәрін айтып беруге Шу қалалық ішкі істер басқармасының аға із кесушісі Айбек Парманасов келісті. Оның айтуынша, шекараға жақын маңдағы кеден бекетіне үш қарақшы арнайы құрбан іздеп келген. Қылмыскерлер сенбіге қараған түні осы бекет арқылы Бішкекке қомақты ақшасы бар саудагерлердің өтетінінен хабардар. Осылайша түннің бір уағында олар жалғызілікті әйелді байқайды. Қылмыстық топтың басшысы бір қарағаннан-ақ әйелдің саудагер екенін біледі. Енді оның сеніміне кіріп, өз көлігіне отыруға көндіру ғана қалады.

Сол түні әу бастан қылмыскерлердің жолы болды. Қазақстандық әйелді әрдайым кеден бекетінен алып кететін такси жүргізушісінің көлігі жолда бұзылып қалады. Соңғы сәтте ол саудагермен телефон арқылы хабарласып, болған жәйтты айтады. Ал кәсіпкердің түннің бір уағында бөтен елде далада қалғысы келмегені анық. Сондықтан оның жол шетінде тұрған такси жүргізушісінің ұсынысына келісуден басқа амалы қалмайды.

Оқи отырыңыз: 16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді

Жүргізуші бірден көлігінде тағы екі кәсіпкер отырғанын ескертеді. Оларды қарсы алу үшін әдейілеп келгенін, егер келіспесе, өздері кете беретінін айтады. Әйел амалсыз көнеді. Көлік трассаға шыға салысымен, әйелдің қасында отырған жолаушының бірі оның бетінен ұрады. Ал жүргізуші әйелге "тыныш отыр, әйтпесе өлім құшасың" деп қорқытады. 

Осыдан кейін олар Үлкен Шу каналына келеді. Қылмыскерлер бұл жердің әрбір бұрышына дейін жақсы біледі. Айдалада айғайлаудың, көмекке шақырудың еш пайдасы жоқ еді. Каналдың жағасында олар көліктен Ольганы шашынан сүйреп шығарады. Алдымен қаскөйлер қорғансыз әйелді тепкілеп, ұзақ уақыт қорлайды. Содан кейін іскер әйелдің сөмкесін ақтарып, 5 мың доллар, 37 мың теңге, жүздеген сом ақшаны алады.

Ешкімге тіс жармаймын...

Енді қылмыскерлерді тоқтату мүмкін емес еді. Әуелі қарақшылар тобының жетекшісі, кейін оның сыбайластары Ольганы аяусыз зорлайды. Әйелді тірі қалдыру ешкімнің ойына да кіріп шықпайды. Олардың алдында тізе бүккен саудагер өзіне аяушылық танытуын жалынып сұрайды.

"Үйде үш кішкентай балам бар, оларды жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Қарт анам бар. Мен отбасының жалғыз асыраушымын. Оларға менсіз қиын болады. Ақшаны түгелдей алыңыздар, ал мені үйіме жіберіңіздер, бұл оқиға туралы ешкімге тіс жармаймын", – деп жалбарынады ол.

Әйелдің бұл сөзі қылмыскерлерге еш әсер етпейді. Топ жетекшісі сыбайластарына саудагердің аяқ-қолын байлап тастап, басынан таспен ұруды бұйырады. "Бірден өлтірмесек те, егер аяқ-қолын байлап-матасақ, ол бәрібір суға тұншығып өледі" дейді ол.

...Кейін із кесушілердің бөлмесінде отырған кезде ауруханадан енді шыққан әйелдің тергеушімен арадағы әңгімесін кездейсоқ естіп қалдым. Әйелдің қандай азапты бастан кешіргенін елестетудің өзі қиын еді.

"Қатты соққыдан көз алдым қарауытып кетті. Бірнеше минут есеңгіреп қалдым. Кейін суға батып бара жатқанымды сездім. Бірақ өзімді құтқаруға және балалар үшін өмір сүруге деген құлшынысым маған күш бергендей болды", – деді қорқынышты күнді көзіне жаса ала есіне түсірген ол.

Ольга жағалауға жетіп, қамыстың ішіне жасырынады. Қылмыскерлер өзінің өліп қалғанына көз жеткізіп, оқиға орнынан кеткенше судың ішінде бірнеше сағат бойы отырады. Әйел өзінің ішкі түйсігімен қылмыстық топ басшысының оның өлім құшқанына әлі де сенбейтінін сезеді. Себебі, қарақшы каналдың жанына әлденеше рет барып, оның түбіне қайта-қайта үңіледі.

Жағада отырған әйел қолына байланған жіпті тісімен қиып, жолға шығады. Оны жүк көлігі жүргізушілерінің бірі байқап қалып, милицияға жеткізеді.

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу тобы құрылады. Кәсіпкердің сипаттауы бойынша милиция қызметкерлері үш қылмыскердің фотобейнесін жасайды. Әйел, әсіресе, топ жетекшісінің түрін өмір бойы ұмытпастай есінде сақтап қалған. Әзірге тергеу барысында бастысы бұл емес, қарақшылардың көлігі еді. Ольга көлікті сұр минивэн деп сипаттайды. Сондықтан тәртіп сақшылары осы көлікті іздей бастады. Кейін барлық қылмыскер ұсталғаннан кейін әйелдің психологиялық күйзелістен көліктің түсін ғана емес, маркасын да шатастырғаны белгілі болды.

Милиция бірден "Ақ-Жол" кеден бекетінде жұмыс істеген барлық такси жүргізушісін назарға алады. Күдікті көрінген бірнеше азаматты Ольгаға көрсетеді. Бұл уақытта кәсіпкер Қазақстанға оралып, олармен интернет және ұялы телефон арқылы байланысқа шығады. Тәртіп сақшылары қанша үгіттесе де, саудагер әйел Қырғызстанға оралмайды.

Ұқсас қылмыс

...Қыркүйектің соңғы күндерінде Бішкек – Алматы тас жолының бойында мал жайып жүрген жергілікті тұрғындар асқан қатігездікпен өлтірілген әйелдің денесін тауып алады. Мәйітті тексерген сарапшылар қанішерлердің әйелді темірмен ұрғанын анықтайды. Соққының қатты болғаны соншалық, әйелдің бас сүйегі бірнеше жерден сынған. Ол алған жарақатынан бірден жантәсілім еткен. Қаскөйлер мәйітті жол жиегінен бірнеше метрге дейін сүйреп апарып, бұталардың арасына лақтырып кеткен.

Іс кесушілер марқұм әйелдің кім екенін бірден анықтай алмайды, себебі, киімінің қалтасында құжаттары болмаған. Көп ұзамай тергеу ісіне араласқан патологоанатомдар келіншектің бірнеше апта бұрын өлтірілгенін хабарлайды. Бұдан бөлек, қылмыскерлер әйелді өлтірер алдында зорлағаны белгілі болды.

Келесі күні құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыс туралы Бішкек пен Шу облысының барлық аудандық ішкі істер бөліміне хабарлайды. Сондай-ақ, өлген әйел туралы ақпаратты Қазақстандағы әріптестеріне де жеткізеді. Өйткені, 47 жастағы азамат Астананың тұрғыны болып шықты. Бұл әйел де тауар сатып алу үшін "Дордойға" келіп, артынан жоғалып кеткен. Ол бірнеше күннен кейін үйіне оралуы тиіс еді. Із-түзсіз жоғалған соң әйелдің күйеуі жергілікті полициядан көмек сұрайды.

"Бұл екі қылмыстың бір-бірімен байланысты екеніне күмәнданған жоқпыз. Екі жағдайда да Қазақстаннан келген саудагерлерге қарақшылық жасалған, қылмыскерлердің қолтаңбасы да ұқсас", – деді Шу ҚІББ бөлім бастығы Медер Мұратов.

Әуелі тәртіп сақшылары әйелдің шекараны кескен сәттен бастап, базарға дейінгі жүрген жолын зерттеуге тырысады. Бір қызығы, қылмыскерлердің құрығына ілінген екінші саудагер Бішкекке еш қиындықсыз жеткен. Милиция қызметкерлерінің қолында Ольгаға шабуыл жасағандардың фотороботы болды. Шұғыл отырыста олар іс-әрекет жоспарын белгілеп алады. Сөйтіп, қаскөйлерді "Дордойға" қатысы бар адамдардың арасынан іздеу керек деген ұйғарымға келеді.

Тәртіп сақшыларының бір тобы такси жүргізушілерін, арба сүйреушілерді, жергілікті қауіпсіздік қызметкерлерін тексеріп жатқанда, басқалары өлім құшқан саудагер әйел туралы жан-жақты ақпарат жинауға тырысады. Олар әйелдің күйеуіне хабарласып, сол күні кешке бірнеше сағат бұрын келіншегімен сөйлескенін біледі.

Әйелі барлық тауарды сатып алғанын, кешке такси ұстап, шекара бекетіне баратынын айтқан.

"Мен базардан бір жігітті кездестіріп қалдым. Ол мені шекараға дейін жолдың жарты құнына жеткізіп тастайтынын, жүгімді түсіруге көмектесететін айтты", – деген ол күйеуіне.

Үш рет сотталған

Тәртіп сақшылары тағы да белгісіз такси жүргізушісіне тап болады. Олар екі қылмыстың өзара байланысты екеніне көз жеткізе түседі. 

Қылмысқа қатысты бірден екі түрлі болжам жасалады. Марқұмның бірнеше мың доллар тұратын тауары жоғалған. Демек, қылмыскерлер жақын арада одан құтылуға тырысады, таныс алыпсатарларға сатуы мүмкін. Ал егер кісі өлтірушілердің базарға қатысы болса, онда заттарды осы жерде өткізуге тырысады деген сөз. Осылайша, тәртіп сақшылары базар ішін аралайды. Бірнеше саудагер фотороботтан үш қылмыскердің біреуін таниды. Олардың айтуынша, жас жігіт әйелдер киімін арзан бағаға сатқан. Көз жұмған әйел дәл осындай тауар сатып алған.

Осы жұмыстың нәтижесінде құқық қорғаушылар Ош облысы тұрғынының ізіне түседі. Ол базарда жүк тасушы ретінде нәпақа тауып жүрген 30 жастағы азамат еді. Бұған дейін үш рет сотталған жігіт қылмыстық топтың жетекшісі болған.

Тәртіп сақшылары оның соңғы рет Ош оқиғасынан кейін сотталғанын, сол уақытта Макаров тапаншасымен ұсталғанын анықтайды. Бірақ тергеушілер қаруды қандай мақсатта сатып алғанын сол күйі біле алмаған. Бостандыққа шыққаннан кейін ол тағы да ескі әдетіне көшеді.

Оқи отырыңыз: Балалар үйіндегі қанды қырғын: павлодарлық үш жасөспірім 6 адамды қалай өлтірді

Енді оның сыбайластарын анықтау үшін такси жүргізушісінің кіммен қарым-қатынас жасайтынын мұқият зерттеу қажет. Арада бірнеше күн өткеннен кейін күдіктінің үйіне екі жігіт келеді. Қамауға алған кезде қарақшылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысады.

Тергеу кезінде қылмыстық топтың жетекшісі тәртіп сақшыларының сұрақтарына ұзақ уақыт жауап бермейді. Көп ұзамай, оған бұлтартпас дәлелдерді ұсынған кезде, қылмыскер еріксіз астаналық әйелді өлтіргенін мойындауға мәжбүр болды. Ал жазда жасаған қылмысты бандиттер өз мойнына алғысы келмеді, себебі, бірнеше қарақшылық үшін ұзақ мерзімге темір торға тоғытылатынын білді.

250 сом үшін...

...Қылмыскерлер Астанадан келген саудагерді шекара бекетінің маңынан байқаған. Бірақ оны көлігіне алдап отырғыза алмайды. Себебі, әйел өзін күтіп тұрған такси жүргізушісінің көлігіне отырады. Сондықтан, олар әйелдің артынан қонақүйге дейін барады. Бірақ сол түні саудагердің бөлмесіне баса-көктеп кіріп баруға қарақшылардың батылы бармайды. Осылайша, таңертең кәсіпкердің базарға баруын күтеді. Ол жерде қылмыскерлер әйелдің көп тауар сатып алғанын көреді. Осыдан кейін "үштіктің" жетекшісі өзін жақсы жағынан көрсетіп, саудагер әйелдің сеніміне кіреді. Кеден бекетіне дейін жеткізіп салуға ұсыныс тастайды.

Келіскен уақытта көлігімен қонақүйдің жанына келеді. Барлық сатып алынған тауарды көлігіне салып, кеден бекетіне қарай жол тартады. Қарақшының сыбайластары күтіп тұрған жерде ол көлігін тоқтатады. Қаскөйлер көліктің ішінен әйелді сүйреп шығарып, алдын ала дайындап қойған темірмен ұра бастайды. Өлтірмес бұрын әйелді зорлайды.

Бірақ кәсіпкерде қомақты қаражат жоқ болып шықты. Олар жәбірленушінің қалтасынан небары 250 сом ғана табады. Бандиттер әйелдің денесін жасыруға уақыт жоғалтқысы келмейді. Сондықтан, мәйітті ең жақын бұтаға дейін сүйреп апарады да, ол жерден кетіп қалады. Бірнеше күннен кейін топ басшысы әйелдің сөмкесінен шыққан барлық тауарды базарға алып барады. Сатушылар оның қолына бірнеше мың сом ғана ұстатады...

Оқи отырыңыз: Әйелдерді зорлап, өлтірген: Шымкентті дүрліктірген екі маньяк қалай ұсталды

0
Кілт сөздер:
Бішкек, қарақшылық