Саясат

Назарбаев Бауыржан Байбекке тапсырма берді

Жазылу
Байбек Назарбаевқа партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Қазақстанның тұңғыш президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Елбасыға "Jas Otan" жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді.

"Кездесу соңында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекке бірқатар нақты тапсырма берді", - деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жаңалықтар
0