Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу

"Қазақстан бізге жақсы дос": Тоқаев Қытай заң шығарушы органының басшысымен кездесті

651
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжаньшу қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан президентінің биылғы 11-12  қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды. Сонымен қатар, қазақ-қытай  жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жайлы әңгімелесті.

Ли Чжаньшу Тоқаевқа үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді.

"Төраға Си Цзиньпин сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз", - деді Ли Чжаньшу.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті.   

Тағы оқыңыз: Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео

"Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін!" – деді Тоқаев.   

651
Кілт сөздер:
достық, Қытай
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

106
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

106
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

220
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

220
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

0
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

0
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды