Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на пленарной сессии XVI заседания Международного дискуссионного клуба Валдай

Тоқаев дамушы елдерден қаржы "қашып" жатқанын мәлімдеді

284
Дүниежүзінде шиеленістердің дәуірі туып, сенімсіздік дағдарысының кесірінен халықаралық қатынастардың архитектурасы шатқаяқтады  

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында ұйымды одан әрі дамытуға қатысты өзінің кешенді ұсыныстарын айтты.

Президенттің пікірінше, ТМД – достастық елдері арасында саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды сақтап, нығайтуға зор ықпал еткен беделді халықаралық ұйым.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесу өткізді 

Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзінде шиеленістер мен белгісіздіктің дәуірі туып, сенімсіздік дағдарысының кесірінен халықаралық қатынастардың архитектурасы шатқаяқтап, әлемдік экономиканың тұрақсыздығынан дамушы елдерден қаржы "қашып" жатқанын атап айтты.

Мемлекет басшысының ойынша, осының салдарынан аймақтық интеграцияға көзқарас өзгеріп, бұған дейін мызғымастай көрінген қарым-қатынастар моделі әртүрлі сынақтардан өтуде.

"Біздің ұйымға өзгермелі өмірге ыңғайлана отырып, аса күрделі де қажетті бейімделу процесінен өту керек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ны құрылымдық жаңғырту процесіне кірістік. 2017 жылы ұйымның одан әрі даму Тұжырымдамасы мен экономикалық даму Стратегиясын өзектендіру жұмыстары басталды. Мен осы жұмыстарды жалғастыруға ниеттімін",– деді президент.

Мемлекет басшысы ТМД-ның негізгі міндеттерінің бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту деп санайды.

"ТМД-да 2011 жылы құрылған еркін сауда аймағы біздің мемлекеттер арасындағы тауар айналымын жақсартуға жағдай жасады. Сонымен қатар сауда ынтымақтастығын одан әрі кеңейту үшін қазіргі кедергілерді азайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру керек. Ұйым шеңберінде экономикалық өзара іс-қимылдарға тың серпін беру үшін қосымша өсу мүмкіндіктерін қарастыру қажет",– деп топшылайды Қасым-Жомарт Тоқаев.

284
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Ақтауға не үшін барғанын айтты – видео
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
Қазақстан президенті ТМД үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды
Загрузка...