Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді

2043
(Жаңартылды 20:49 21.10.2019)
Лауазымды тұлғаларды тағайындау туралы келісім тәртібі президенттің өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығына президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли түсініктеме берді.

"Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдар мен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл президенттің "кезекті" жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы басқарады", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Оның айтуынша, мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібі іс жүзінде президенттің барлық кадрлық мәселе бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді.

"Елбасының өзі "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында: "Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды" деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы бас қолбасшысы және ол үкіметті жасақтайды. Мемлекет басшысы – облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға", - деп түйіндеді ол.

Берік Уәли президенттің құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анық көрсетілгенін еске салды.

Назарбаевтың келісімі керек: Тоқаев тұңғыш президенттің өкілеттігін кеңейтті

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігін кеңейтетін жарлыққа қол қойған болатын. Енді президент өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшыларын тағайындамас бұрын қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісуі керек.

Олардың қатарына президент әкімшілігі, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық банк, республикалық гвардия, "Сырбар" сыртқы барлау қызметі, президенттің күзет қызметі, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, президент істері басқармасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіреді.

Сондай-ақ, облыс әкімдерін, республикалық маңыздағы қалалар мен астана әкімдерін тағайындау да қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісіледі.

2043
Кілт сөздер:
Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президент баспананы қалай қолжетімді етуге болатынын айтты
"Жатақханада бірге тұрдық": Тоқаевтың курстасы оның қандай студент болғанын айтты
Назарбаев: Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады

40
(Жаңартылды 18:18 08.07.2020)
Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

"Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен. 

"АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады", – деді мемлекет басшысы. 

Оқи отырыңыз: Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Шара соңында Қазақстан президенті Лорд Вульфке қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО сотының төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

40
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Астана" қаржы орталығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді

2306
(Жаңартылды 08:42 07.07.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті деректі фильм аясында сұхбат беріп, өзінің саяси карьерасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арманын бөлісті.  

"Хабар" телеарнасында  "Пусть следующие поколения сделают лучше меня" деп аталатын деректі фильм жарыққа шықты. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі туралы сөз қозғады.

20 жылға кейін оралу мүмкіндігі болса, өз-өзіңізге не деп айтар едіңіз деген сауалға Назарбаев арманым орындалды деп жауап берді.

"Бұл сауалға қысқа жауап қайыра аламын. Мен өз арманын орындаған адаммын. Қолымнан келген нәрсенің бәрін жасадым. Келесі ұрпақ менен де артық жасасын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол кез келген саясаткер үшін мақсатқа жету маңызды екенін атап өтті. 

"Ойладың, жоспар құрдың және орындадың - бұл саясаткер үшін бақыт", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

2306
Тақырып бойынша
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді
Дәрігер, коронавирус

Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын Түркістан әкімі 

0
Коронавирус жұқтырған Түркістан қаласының әкімі желіде жазба жариялап, дәрігерлердің арқасында аман қалғанын айтты

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырған соң бірнеше ішкі ағзасының зақымданғанын хабарлады. Бұл жайында қала әкімі Facebook парақшасында жазды.  

"Осы екі апта ішінде дұғада болған әр адамның арқасында, Алланың қалауымен ел қатарына қайта оралу мүмкіндігі бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан қолынан келгенше қолдап, аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі ағза жұмысын тоқтатты, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын",- деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, коронавирусқа тапсырған кейінгі тест әлі де инфекцияның ағзадан кете қоймағанын көрсеткен. Соған қарамастан қала әкімі қызметіне кіріспек.

"Елге қызмет етуге қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарасын орындаймын. Дәл қазір жағдай ешкімге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін", - деп жазды Аюпов.

Сонымен қатар қала басшысы барлық сақтық шарасын орындау қажет екенін тағы да еске салды.

"Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру. Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық", - деп толықтырды Аюпов.

Сондай-ақ, жағдайға байланысты көмек қолын созуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлерден байланысқа шығуын сұрады.

"Еліміздегі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық",- деді Аюпов.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді 

Айта кетейік, 22 маусымда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, әкім, Түркістан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты
Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видео туралы айтты