Ақорда

Тоқаев Асановты Ақордаға шақырып, татуласу орталықтарын құруды тапсырды

421
Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы сот қызметінің қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаңғырту, соның ішінде соттан тыс татуласу орталықтарын құру, отбасы соттары мен фронт-офистер жайында атқарылған шаралар туралы баяндалды.

Тағы оқыңыз: Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді

Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.

Президент судьялардың жүктемесін азайту және сот шешімдерінің сапасына кері әсер ететін оларға қатысы жоқ істерден босату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, судьялар корпусының құзыреттілігін арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығына назар аударды. 

421
Кілт сөздер:
Жақып Асанов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Ажырасу 720 теңге тұрады" Қазақстанда соттасу қымбаттауы мүмкін
Назарбаев Конституциялық заңға түзетулер енгізді
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты
"Күйеуімді қорқытып берші": бұрынғы судьяның ашық әңгімесі
"Күрделі сұрақ": Тоқаев халықты мазалап жүрген мәселеге қатысты пікір білдірді
Загрузка...