Саясат

Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазады Ақорда. 

Әлия Рақышева туралы не білеміз

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2005 жылдар аралығында Әділет министрлігі департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметін атқарған. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрді қызметінен босатты

2005-2013 жылдарда Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі, әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы болды. 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды. Ал 2018 жылдың сәуірінде әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды.

Рақышеваның орнына Ержан Жиенбаев келді. 

Жаңалықтар
0