Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті

Ресейлік саясаткер Дариға Назарбаеваға ерекше ұсыныс жасады

4983
Валентина Матвиенко Дариға Назарбаевамен кездесу барысында сенат спикеріне беделді халықаралық жиында тең төраға болуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаеваға Мәскеу сапары барысында 2021 жылы өтетін III Еуразиялық әйелдер форумында тең төраға болу ұсынылды.

Бұндай ұсыныс Дариға Назарбаеваның Ресейдің федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

"Валентина Матвиенко 2022 жылы Ресейде өтетін Дінаралық және этносаралық диалог жөніндегі дүниежүзілік конференцияны дайындау жөнінде бірлескен жұмыстарды бастауды ұсынды, сондай-ақ Дариға Назарбаеваны 2021 жылы өтетін үшінші Еуразиялық әйелдер форумының тең төрағасы болуға шақырды", - делінген ақпаратта.

Еуразиялық әйелдер форумы – қазіргі қоғамдағы әйелдер рөлін талқылауға арналған ірі беделді халықаралық алаң. Шара ұйымдастырушылары - федералдық жиналыстың федерация кеңесі мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы.

Дарига Назарбаева встретилась с Валентиной Матвиенко
© Photo : Пресс-служба сената Парламента Казахстана
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, оның ішінде Қазақстан мен Ресей парламенттерінің байланысын талқылады

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, оның ішінде Қазақстан мен Ресей парламенттерінің байланысын талқылады.

Дариға Назарбаева әңгіме барысында шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы өткізу бекеттерінің мәртебесін арттыру туралы мәселені көтерді.

Жоғарғы палата басшысы Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі ел аумағында жүріп-тұру және болу жағдайлары мәселелерінде тепе-теңдіктің жоқтығына Ресей тарапының назарын аударды.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасы өзіне қандай бата бергенін айтты

Валентина Матвиенко Ресей мен Қазақстанның достық және одақтастық қатынастары екі мемлекеттің дамуында маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкоға I дәрежелі "Достық" ордені табыс етті. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

4983
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева, Ресей
Тақырып бойынша
"Халық сенбейді қазір": Назарбаева шындықты айтқан депутатты қолдады
"Оңтүстіктен келген әдемі келіншек": Дариға Назарбаева жаңа сенаторды таныстырды
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Халықты хабардар ету керек": Дариға Назарбаева қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді
Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады
Назарбаева Ресейде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғады
Үкімет үйі

"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты

1613
(Жаңартылды 15:26 10.07.2020)
Президент кез келген дағдарыс әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлердің, ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ көпшілік алдында ойнамаймын. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Ол кейбір әкімдер сөгіс пен ескерту алғанын еске салды. 

"Жалпы мұндай жазаға басқа облыстардың немесе министрліктердің басшылары лайық шығар. Бірақ біз қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың қатерлі кезеңінде тұрмыз. Одан әрі ушыға беретін дағдарыстан шығу үшін үкімет пен әкімдер батыл әрі жанкешті іс-қимыл жасауы қажет. Бұл әлемдік экономикаға қатысты болжам, ал Қазақстан оның бір бөлігі", - деді мемлекет басшысы. 

Ол мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуы тиіс екенін атап өтті. Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылыққа жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.

"Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

 

1613
Кілт сөздер:
отставка, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

523
(Жаңартылды 10:35 10.07.2020)
Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 11:00-де видео байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Жиында үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.  

"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды ол.

Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

Оқи отырыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді 

Қазақстандық саясаттанушылар Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Тоқаев үкіметтің бірлескен отырысында кадрлық тағайындаулар жасайды деп болжаған еді.   

523
Тақырып бойынша
Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Тоқаев үйде көмек көрсететін мобильді топтардың саны артатынын хабарлады
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

0
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

0
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады