Берік Уәли

"Министрдің сөзі қисынсыз": Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді

1119
(Жаңартылды 23:33 23.10.2019)
Президенттің баспасөз хатшысы әділет министрі Марат Бекетаевтың сөзін қисынсыз деп, қоғамда пікірталас тудырған жарлықтың мазмұнын тағы түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әділет министрінің пікірталас тудырған сөзіне қатысты түсініктеме берді. Марат Бекетаев мемлекет басшысының жуырда қол қойған жарлығының мазмұны жөнінде журналистердің сұрағына жауап берген болатын. Министр кадрлық тағайындауларға қатысты "соңғы шешім – Қауіпсіздік кеңесінің құзыретінде" деген пікір айтты.

"Әділет министрінің түсіндірмесін қисынсыз деп санаймын. Мүмкін Бекетаев мырза тілшілердің қысымынан абдырап қалып, қате тұжырым жасаған шығар. Дегенмен мұндай жоғары деңгейдегі лауазымды тұлға кез келген мәселені өзінің функционалдық міндеті аясында әрқашан біліктілікпен түсіндіруі тиіс", - деді президенттің баспасөз хатшысы Sputnik Қазақстанға.

Берік Уәли бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойғысы келетінін атап өтті.

"Конституция – негізгі заң. Құжатта мемлекет басшысының функциясы мен өкілеттілігі анық жазылған. Әртүрлі көзқарас туғызған 2019 жылдың 9 қазандағы жарлықтың ережесі бар. Соған сәйкес, президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде" көрсетілген процедуралардан тыс шешімдерді қабылдауға құқылы", - деді Уәли.

Тағы оқыңыз: "Соңғы сөзді айтады": Министр Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты

Осыған байланысты тек президент мемлекеттің басты лауазымды тұлғасы, Конституцияның кепілі, Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде еліміздің Ата заңына сәйкес, үкімет мүшелерін, күштік құрылым басшылары мен өзге де ведомстволардың жетекшілерін, сондай-ақ, өңірлердің басшыларын тағайындауға қатысты барлық шешімдерді қабылдайды, деді ол.

"Пікірталас тудырған осы жарлыққа қатысты айтар болсақ, ол тек рәсімдік сипатта ғана. Сондықтан мемлекет басшысының конституциялық міндеттері мен функциясын атқаруға ешқандай кедергі келтіре алмайды", - деп түйіндеді өз сөзін Берік Уәли.

1119
Кілт сөздер:
хатшы, президент
Тақырып бойынша
Абаев Қазақстандағы "қос билікке" қатысты сауалға жауап берді
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
Президент тағы бір заңға қол қойды
"Мен құр уәде бермеймін": Тоқаев ауқымды реформалар туралы айтты
Тоқаев білім министрлігіндегі жанжалдан кейін кадрлық ауыс-түйіс жасады
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

218
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

218
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

75
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

75
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

0
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлікті онлайн режимде жаба алады
0