Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко

Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

346
Ертісбаевтың айтуынша, Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен қызметінен кетуін жоғары бағалаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан — Sputnik. Қазақстанның Беларусь еліндегі экс-елшісі Ермұхамет Ертісбаев Александр Лукашенконың Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы туралы хабарды қалай қабылдағанын айтты.

"Биылғы жылдың 19 наурызында Назарбаевтың президент лауазымынан өз еркімен кетуін Лукашенконың жоғары бағалағанын білемін. Ол да солай жасауы мүмкін бе? Уақыт көрсетеді", - деді Ертісбаев "Время" газетіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Беларусте әзірге Лукашенкоға тең келетін жетекші жоқ.

Александр Лукашенко Беларусь елін 25 жыл басқарып келеді. Ол президенттікке 1994 жылы сайланған еді.

Ермұхамет Ертісбаев 2017 жылдың қарашасынан 2019 жылдың тамызына дейін Беларусь Республикасында Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болды. Бұдан бөлек ТМД жарғылық органдарында Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарды.

Тағы оқыңыз: Ертісбаев Қытайға қарсы митингілерді кім өршітіп жатқанын болжады

Еске салып өтсек, тәуелсіз республиканы 30 жыл дерлік (1991-2019) басқарған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда халыққа үндеу жариялап, өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. Сол күні ол президенттік өкілеттігін тоқтататын жарлыққа қол қойды. Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің басшысы және Nur Otan партиясының төрағасы болып қалды.

Александр Лукашенко Қазақстанға 24-25 қазанда ресми сапармен келеді.

346
Кілт сөздер:
Назарбаев, Александр Лукашенко
Тақырып бойынша
"Сөзімді біреуге басқаша жеткізбейді": Лукашенко Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
Онда емес, мына жаққа: Лукашенко Назарбаевты солға алып жүрді
Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді  
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Назарбаев министр мен депутаттарды жинап алды: отырыста не талқыланып жатыр?
Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады
Загрузка...