Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

"Мойындау керек": Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы нені білдіретінін айтты

11422
(Жаңартылды 20:49 29.10.2019)
Президенттің пікірінше, бағаның өсуін сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауымен байланыстыру мүлдем орынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі Қазақстан экономикасының осалдығын көрсетеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

Мемлекет басшысы тамақ өнімдеріне, ең алдымен, нан мен ет өнімдеріне қымбаттауына жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі біздің экономикамыздың осалдығының айқын көрсеткіші болып табылатынын мойындау керек. Мысалы, сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауына сілтеме жасау мүлдем орынсыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның мәліметінше, үкімет экономика өсімінің жаңа тетіктерін құру үшін қосымша шаралар әзірледі.

"Бұл шараларды мен арнайы кеңесте мақұлдадым. Оларды шұғыл түрде жүзеге асыру қажет", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент келесі бір маңызды міндет ретінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын айтты. Ол жұмыссыздық проблемасын, медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын ерекше атап көрсетті.

Тағы оқыңыз: Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді 

Өмір сапасын арттыру мен қаланың инфрақұрылымын дамыту ісін қамтамасыз ету мәселелері де мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

"Біз Алматыны халықаралық бизнес және туризм орталығы ретінде көрсетеміз. Сондықтан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс", - деп тапсырды Тоқаев.

Ең бастысы, президенттің пайымынша, азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы әрі жайлы болуы керек.

"Бұған үйге баратын жолдың болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақын әрі қолжетімділігі, сапалы ауызсумен, газбен, үздіксіз электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

11422
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
"Өзгеріс енгізу керек": Сағынтаев Тоқаевтан қолдау көрсетуді сұрады
Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды
Ақорда

Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады

595
(Жаңартылды 14:29 10.08.2020)
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами беретініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті", – делінген жеделхатта. 

Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі. 

595
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған қазақстандық ғалым қайтыс болды
Экс-министр сенат депутаттығына ұсынылды
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Сенат сайлауы: кандидаттардың бірі қайтыс болды
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

1075
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

1075
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

0
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

0