Ақорданың жанындағы автокөліктер, архивтегі фото

Тоқаев Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының әкімін қабылдады

2328
(Жаңартылды 19:31 31.10.2019)
Мемлекет басшысы азық-түліктің бағасын, атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы әділ әрі ашық байқау өткізіп, ең үздік кандидаттарды іріктеудің, сондай-ақ, таяу жылдары оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.

"Мойындау керек": Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы нені білдіретінін айтты

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нысандардың құрылысы, сондай-ақ, тұрғын үй және  автожол салу жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді.

"Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын, жылу беру маусымының өткізілуін, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді", - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.

2328
Кілт сөздер:
әкімдер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды
"Қос билік" туралы сөздер Конституциялық кеңес экс-басшысының күлкісін келтірді
"Министрдің сөзі қисынсыз": Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты
Загрузка...