Сәби

Аружан Саин Тоқаевпен кездесуде науқас сәбилер проблемасын көтерді

131
Кездесу барысында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес мәселесі де жан-жақты талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында балалардың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғау, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

"Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруына шалдығу салдарынан зағиптыққа ұшыраған сәбилердің проблемасын көтерді. Республика бойынша орта есеппен 20 мыңға жуық бала шала туады. Оның ішінде 4 мың баланың салмағы жетілмей дүниеге келеді", - делінген ақпаратта.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, аталған мәселені шешу үшін өңірлердегі перинатальді орталықтар мен перзентханалар базасында тиімді офтальмологиялық жәрдем беру жұмысын ұйымдастыру қажет.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен сапалы байланыс орнатып, диагностикалық құралдармен жабдықтап, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру керек.

Тағы оқыңыз: Тоқаев өзінің атына келіп түскен өтінішке жауап берді

Аружан Саин Қазақстанда ағзаның функционалдық мүмкіндіктері түзілетін халықаралық классификацияны жедел енгізудің маңызды екенін атап өтіп, оның БЦП-ға шалдыққан, есту, көру және басқа да ауру белгілері бар балалардың проблемаларын жүйелі шешуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтары мен денсаулығын сақтау ісі аса маңызды екеніне тоқталып, бұл мәселені әрдайым өзі жіті бақылап отыратынын атап өтті.

131
Кілт сөздер:
Аружан Сайын, денсаулық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Аружан Саин барлық балалар үйін жауып тастамақшы
Аружан Саин митингіге балаларды алып шығатын ата-аналарға үндеу жасады
Тараздағы балалар үйінде түсірілген жаға ұстатарлық видео: тәрбиешіге іс қозғалды
Аружан Саин қазақстандықтардан көмек сұрады
Аружан Саин: Шенеуніктің баласы әкесінің әрекеті үшін ұялатынын айтты
Үкімет үйі

"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты

1613
(Жаңартылды 15:26 10.07.2020)
Президент кез келген дағдарыс әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлердің, ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ көпшілік алдында ойнамаймын. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Ол кейбір әкімдер сөгіс пен ескерту алғанын еске салды. 

"Жалпы мұндай жазаға басқа облыстардың немесе министрліктердің басшылары лайық шығар. Бірақ біз қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың қатерлі кезеңінде тұрмыз. Одан әрі ушыға беретін дағдарыстан шығу үшін үкімет пен әкімдер батыл әрі жанкешті іс-қимыл жасауы қажет. Бұл әлемдік экономикаға қатысты болжам, ал Қазақстан оның бір бөлігі", - деді мемлекет басшысы. 

Ол мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуы тиіс екенін атап өтті. Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылыққа жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.

"Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

 

1613
Кілт сөздер:
отставка, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

523
(Жаңартылды 10:35 10.07.2020)
Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 11:00-де видео байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Жиында үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.  

"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды ол.

Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

Оқи отырыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді 

Қазақстандық саясаттанушылар Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Тоқаев үкіметтің бірлескен отырысында кадрлық тағайындаулар жасайды деп болжаған еді.   

523
Тақырып бойынша
Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Тоқаев үйде көмек көрсететін мобильді топтардың саны артатынын хабарлады
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

0
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

0
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады