Саясат

Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий под председательством спикера сената Дариги Назарбаевой
ХVIII заседание секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий под председательством спикера сената Дариги Назарбаевой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада "Astana club" саяси форумының жыл сайынғы отырысы басталды. Биыл осы халықаралық пікірталас алаңының құрылғанына бес жыл толып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Бүгін сарапшылар Еуразия құрлығы үшін 2020 жылдағы 10 басты сын-қатердің тізімін жариялады. Бұдан бөлек, державалар арасындағы әскери және саяси-экономикалық текетірес мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Форумның ашылу рәсімінде сенат төрағасы Дариға Назарбаева сөз сөйледі. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев форумның ертеңгі пленарлық отырысына қатысады.

Сенат төрағасы "Astana club-тың" осы жолғы тақырыбына бас назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде шиеленістердің басым бөлігі Еуразияның ішінде немесе айналасында шоғырланып отыр. Ал Қазақстанның сыртқы саясаты тиімді интеграцияны, өзара пайдалы ынтымақтастық пен ортақ экономикалық мақсаттарды көздейді. Сондықтан қазіргі қауіп-қатерлерге төтеп берудің бірден-бір жолы – жаһандық ынтымақтастық.

"Әділ, ашық және тікелей диалог болмаса, ынтымақтастық орнату мүмкін емес. Осындай диалогтың арқасында Еуразия құрлығында ғана емес, жалпы әлем бойынша барлығына ортақ ережелер орнатуға болады. Осы орайда Astana club отырыстары аса өзекті болып тұр. Бұл жерде маңызды мәселелер ашық талқыланады. Бұл – Қазақстанның, жалпы біздің жаһандық ынтымақтастықты құруға қосқан ортақ үлесіміз", - деді Назарбаева.

Ал арнайы баспасөз мәслихатында сарапшылар "Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер" тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымын таныстырды. Аталмыш зерттеу жұмысына ірі БАҚ пен халықаралық институттар, 40 беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Бұдан бөлек, арнайы сауалнамаға 70 елден 1100-ден астам кәсіби маман тартылды.

Рейтингіге сәйкес, бірінші орында 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі ахуал тұр. Елдің қазіргі президенті Дональд Трамп жаңа мерзімге қайта сайлану науқанын бастап кетті.

"Алайда қарсыластары оны импичментпен қорқытуда. Әлемнің жетекші державасының саяси дамуындағы белгісіздік бүкіл Еуразия үшін елеулі сын-қатерге ұласуы мүмкін", - дейді мамандар.

Бұдан бөлек, жаһандық экономикалық құлдырау, АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы, жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі, технологиялық үстемдік жарысының үдеуі, Иранға қарсы әскери соғыс, Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс, терроризмнің жаңа толқыны, басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны, сондай-ақ климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселелер бар.

Тағы оқыңыз: "Ғалымдардың өзі бас қатырып жүр". Назарбаева қазақ тіліне қатысты ойын айтты

Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (ӘЭСИ) Ержан Салтыбаевтың айтуынша, осы рейтингінің тағы бір маңызды тұсы, ол барлық халықаралық зерттеуден бұрын жарияланып отыр.

Айта кетейік, биылғы отырыстың тақырыбы – "Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі". Спикерлердің ішінде бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Ертең, 12 қарашада форумның пленарлық отырысы өтеді. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Жаңалықтар
0