Қасым-Жомарт Тоқаев

"Үзілді-кесілді қарсы": Тоқаев жұрттың наразылығын тудырған мәселені қозғады

4872
Президент Ақмола облысының әкімдігі мен үкіметке марганец өндіру кәсіпорнының құрылысына қатысты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесін халықпен талқылау керек екенін айтты.

Жақсы ауылында халық бұл жобаға қарсы болды. Тұрғындар бұл құрылыс экология мен адамдардың денсаулығы зиян келтіреді деп отыр.

"Жақсыда марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесі көтеріліп келеді. Тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Әкімдік пен үкімет шешім қабылдаған кезде халықтың ойын ескеру керек", - деді Тоқаев Көкшетаудағы жиында.

КТК телеарнасы төрт жыл бұрын Жақсы елді мекенінде марганец кен орнын геологиялық барлау жұмысы аяқталғанын хабарлаған болатын.

"Болашақ инвесторлар марганецтің еш зияны жоқ екенін айтып отыр. Біз сенбейміз! Балалар – біздің болашағымыз, олардың экологиялық таза жерде өмір сүргенін қалаймыз. Есіл ауданы Калачидегі* жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз", - деді жергілікті тұрғын Алма Бралина.

"ТКС-Жақсылық" тау-кен компаниясының директоры жобанының "керемет" екенін айтады.

"Халық наразылығына байланысты бізге жер учаскесін бермеді. Біз бұған шағымданамыз. Кете алмаймыз, жұмыс істеуіміз керек. Бұл біздің жеріміз, оны дамытуымыз қажет ", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қытайлық компания басшысын Ақордаға шақырды

Марганецті бес жыл бойы өндіру жоспарланған еді. Жобаға 16 миллиард теңге қаражат салып, 240 жұмыс орнын ашу көзделген.

*2013 жылы Калачи тұрғындары жаппай «ұйқы дертіне» шалдықты. Олар бірнеше тәулік қатарынан оянбаған. Жұмбақ дертке кеңес үкіметі кезінде елді мекенде жұмыс істеген уран шахталары себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды.

4872
Кілт сөздер:
даулы мәселе, наразылық, жұрт, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады
Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды
Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты
"Ауыл тұрғындары қиналып жүр": Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр
"Асықпау керек": Тоқаев білім министріне тапсырма берді
Загрузка...