Түркия президенті Режеп Ердоған

"Өте қиын міндет": Әскери сарапшы Ердоғанның мәлімдемесіне түсініктеме берді

131
Әскери шолушы Юрий Котеноктың пікірінше, Түркия өңірлік держава дәрежесіне ұмтылып қана қоймай, стратегиялық деңгейге шығуды көздеп отыр 

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Түркия президенті Режеп Ердоған Ресейден С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алу туралы шешімінен бас тартпайды. Әскери шолушы Юрий Котенок Sputnik радиосының эфирінде бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

Режеп Ердоған америкалық президент Дональ Трамппен Вашингтонда кездескеннен соң, Түркия ресейлік С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алуға құқығы бар екенін мәлімдеген.

"С-400 зымыран кешенінен толығымен бас тарту талабы дұрыс емес деп ойлаймыз. Одан толығымен бас тартып, Patriot-қа (америкалық әуе шабуылына қорғаныс жүйесі) көшу мүмкін емес. Біз Patriot-ты сатып алуымыз мүмкін екенін айттық. Бірақ оны сатып алып, С-400-ден де бас тарта алмаймыз. Бұл – біздің құқығымыз", - деді президент түркиялық журналистерге ұшақ бортында. Ақпаратты түркиялық NTV телеарнасы таратқан.

Режеп Ердоған АҚШ-қа сапары сәтті болғанын, әрі арадағы түсінбеушілікті шешу үшін диалог орнату қажеттігін айтқан.

"Біз F-35 (америкалық әскери ұшақ) келіссөздерінен нәтиже күтеміз. Бірақ мен осы жолы бұл мәселеде Трамптың көзқарасы оң екенін байқадым", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Sputnik радиосының эфирінде әскери шолушы Юрий Котенок бұл мәселелерге қатысты өз ойын айтты.

"Ердоған тағы да алған бетінен қайтпайтын позициясын көрсетті. Бұл маңызды қадам. Яғни әлемде бір мемлекет басқаларға өз дегенін жасай алатынын көрсеткісі келеді. Сондықтан Ердоған зымыран кешенін сатып алу мәселесінде АҚШ-тың ұсынысын қабылдамай отыр", - дейді Юрий Котенок.

Алайда Түркия билігінің алдында қиын таңдау тұр.

"Түркия өңірлік держава дәрежесіне ұмтылып қана қоймай, стратегиялық деңгейге шығуды көздеп отыр. Мұнда Ердоғанның алдында өте қиын міндет тұр. Себебі, солтүстік альянс келісім ұйымының (НАТО) мүшесі бола тұрып, Мәскеумен де байланысты жақсарту қажет. Бұған Америка Құрама Штаттарының көңілі толмайтынын көріп отырмыз. Сондықтан Ердоғанның АҚШ-қа сапары барысында оны өз ойынан айнытуға әрекет жасалды", - дейді әскери шолушы.

Оның айтуынша, Ердоғанның (С-400 зымыран кешені туралы – редакция) мәлімдемесі президенттің өз пікірінен бас тартпағанын білдіреді.

"Алайда америкалықтардың түрлі әрекеттерге бара алатынын ұмытпайық. Олар мұны Түркия билігіне қолдануы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай Түркияны өңірдегі әскери-саяси және басқа да саяси арандатушылыққа тартуы мүмкін", - дейді Юрий Котенок.

Айта кетейік, Түркияның Ресейден С-400 әуе шабуылына қорғаныс жүйесін сатып алуы, 2019 жылы шілденің ортасында Анкара мен Вашингтон арасының суып кетуіне себеп болған. Түркия билігі С-400 зымыран кешені толығымен 2020 жылдың сәуірінде іске қосылатынын мәлімдеді.

Вашингтон Түркия билігіне бұл ойынан бас тартып, Patriot америкалық әуе шабуылына қорғаныс жүйесін сатып алуды талап еткен. Ал егер бұл талап орындалмаса, бұл елге F-35 әскери ұшақтары сатылмайтынын, әрі санкциялар енгізілетінін мәлімдеген. Соған қарамастан Анкара бұл талапты орындаудан бас тартқан.

 

131
Кілт сөздер:
мәлімдеме, Режеп Тайип Ердоған
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Маминмен кездесіп, қазіргі жағдайдағы басты міндетті атады

2615
(Жаңартылды 21:07 13.08.2020)
Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға  теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті. Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық даму нәтижелері мен пандемиядан кейінгі кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды, деп хабарлады Elbasy.kz.

"Біз тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Осы уақыт ішінде талай дағдарысты еңсердік. Қазіргі қиындық әлемнің бүкіл елін қамтып отыр. Барлық жерде жұмыссыздықтың көбеюі байқалуда, бизнес қиындыққа тап болып, мемлекеттер арасындағы сауда-саттық деңгейі төмендеді. Алайда бұған дейін  қабылданған шаралар дағдарыстың экономикамызға әсерін азайтуға көмектесті. Біздің экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі басқа елдермен салыстырғанда үш есе аз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Премьер-министрдің ақпаратына сәйкес,  жыл басынан бері экономиканың машина жасау, өңдеу және тау-кен өндірісі, құрылыс, басқа да негізгі салаларындағы  көрсеткіштер оң қарқын алған.

Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға  теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Ол күрделі кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау бағытында  отандық бизнестің белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

"Ірі бизнес жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті, халықтың әлсіз топтарын қолдауға қаражат бөлді, сондай-ақ "Біз біргеміз" бастамасын ілгерілетуге үлесін қосты. Мен барлық бизнес өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Birgemiz қоры арқылы біз 2,3 миллион қазақстандыққа қолдау көрсете алдық, – деді Елбасы.

Назарбаев қандай тапсырма берді

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсім мәселесін қарастырып, отандық бизнесті жандандыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажеттігін атап өтті. Үкімет экономиканың түрлі саласындағы өсімді қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы керек екендігі айтылды.

"Қазіргі уақытта сарапшылар экономикалық дағдарыс пен пандемияның екінші толқыны келетінін болжауда. Мамандар бұл мәселені мұқият зерттеп, осы жағдайға арнаулы бағдарлама әзірлеуі керек. Жаңа тәсілдер мен тиісті шаралар қажет", – деді Қазақстанның тұңғыш Ппрезиденті.

Сонымен қатар Елбасы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселесіне тоқталды.

"Қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екенін түсіндірген мемлекеттер ұтылған жоқ. Кейбір елдерде карантин шаралары қабылданбады, өйткені адамдар сақтық шараларын сақтап, мамандардың талабын орындады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің басты міндетіміз – дағдарысқа қарамай, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек. Қоғам тұтастығы мен саяси тұрақтылық – біздің алға жылжуымыздың негізі екенін жұртшылық естен шығармағаны жөн", – деді Елбасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыстардан өтуде Қазақстанның мол тәжірибесі, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

2615
Қазақстан темір жолы ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев

Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?

1684
"Қазақстан темір жолының" басшысы пандемия салдарынан жолаушылар тасымалының көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өсті. Бұл жайында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлады, деп жазды Ақорда сайты.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады 

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.

Сауат Мыңбаев пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.

Кездесу соңында президент басқарма төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

1684
Кілт сөздер:
теміржол, Сауат Мыңбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Құлыбаев Тоқаевқа бизнестің карантиннен зардап шеккен салалары туралы айтты
Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады
Тоқаев есеп комитетінің жүргізіп отырған жұмысына қатысты пікір білдірді
бетперде киген адамдар

Демалыстағы қатаң карантин қанша уақытқа дейін созылады

62
(Жаңартылды 13:13 14.08.2020)
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі аптадан кейін демалыстағы қатаң карантинді алып тастау мәселесін көтермек

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыстағы катаң карантин неге сақталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, біз қатаң карантиннің нәтижесін сақтап қалуымыз қажет. Ал вирус қалай таралады? Адамдар жақын араласқанда инфекцияның таралу қаупі күшейеді. Демалыста ондай қарым-қатынас көбейеді. Халық сауда орталықтары мен базарларға барады. Сол себепті демалыстағы қатаң карантинді сақтай тұруға шешім қабылданды", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, сенбі-жексенбі күндері ірі сауда орталықтары жабылады. Себебі ондай жерде халық көп жиналады.

"Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бір жерде шоғырлануына жол бермеу және қарым-қатынасты азайту. Соның арқасында инфекцияның таралу тізбегін үзе аламыз. Демалыстағы локдаунның негізгі мақсаты осы", - деп атап көрсетті Есмағамбетова. 

Әзірге демалыстағы қатаң карантин екі аптадай сақталады. Одан кейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы локдаунды алып тастау мәселесін көтермек.

"Кеше денсаулық министрі Алексей Цой демалыстағы локдаун екі аптадай болады деді. Біз өз кезегімізде табыстың 40 проценті демалыста түсетінін жеткіздік. Дегенмен, келістік. Осы уақыттың ішінде кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын ретке келтіріп, барлық санитарлық талапқа сай жүргізуі керек", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жұмағазиев.

"Егер екі аптадан кейін бәрі ойдағыдай болса, біз демалыстағы локдаунды алып тастауды сұрайтын боламыз. Бұл - кезең-кезеңімен шешілетін нәрсе. Себебі адамдардың өмірі мен денсаулығы маңызды. Кәсіпкерлер де оны жақсы түсінеді", - деп атап көрсетті ол.

62
Кілт сөздер:
демалыс, карантин