Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев нұротандықтарды аяқ астынан жинап алды

4212
(Жаңартылды 14:23 25.11.2019)
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп жатыр",- деп жазды ол. 

"Елбасы өз сөзінде партия өкілдеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында жиналу керек екенін айтты. Саяси бағыт-бағдардың сабақтастығы сақталуы керек деді", - деп жазды Үкібай.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқан соң Nur Otan партиясының төрағасы болып қалды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді

Елбасы қазан айында партия депутаттарының жұмысын сынға алған болатын. Ол депутаттардың соңғы айларда бірде-бір қоғамдық резонанс тудырған мәселеге қатысты пікір білдірмегенін айтты. Бұған дейін Назарбаев үкімет мүшелері, Nur Otan мен мәжілістегі партия фракциясына мәжіліс сайлауына жаңа сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

4212
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің орынбасарына тапсырма берді
Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды
Загрузка...