Қазақстан мен Қырғызстанның тулары

Тоқаевтың Қырғызстанға не үшін баратыны белгілі болды

301
Қазақстан президенті қырғыз әріптесімен кездесіп, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Алдағы сәрсенбі, 27 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, мемлекет басшысы, алдымен, Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің кезекті V отырысына қатысады деген жоспар бар.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралады.

"Тараптар мемлекет басшыларының бірлескен декларациясы және Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің шешімдері Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламаны, сондай-ақ, басқа да үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіту сияқты бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр", - деді Смадияров астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Қазақ-қырғыз шекарасынан өту жеңілдей түседі

Сондай-ақ, 28 қарашада Бішкек қаласында Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Ұйымға мүше мемлекет басшылары ұйым қызметі аясындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, биыл ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асырудың қорытындысын шығарады деп күтілуде.

"Бұдан бөлек, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жоспары, сондай-ақ, тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті азайтуға арналған қосымша шаралар тізбесін бекітуді жоспарлап отыр", - деді Смадияров.

Тағы оқыңыз: Тоқаев мыңнан астам шетелдікке Қазақстан азаматтығын беру мәселесін қарайды

Ресми мәліметке сәйкес, жарты жылдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 389,4 миллион долларды құрады. Қазақстаннан көрші елге барған экспорт 269,2 миллион долларға жеткен.

301
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Сооронбай Жээнбеков, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев мемлекеттік орган басшыларының сыртқы қатерге дайындығын тексерді
"Ондай болмаған": жерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты қандай өзгеріс енгізілді
Назарбаев өзінің орынбасарына тапсырма берді
"10 жылға қамалады": Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі
Фотодерек: Тоқаев пен ЕАЭО елдерінің басшылары Ереванда селфи жасады
Загрузка...