Саясат

Тоқаев кімнің арқасында Қазақстан халықаралық алаңда лайықты орын алғанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті 2019 жыл халықаралық деңгейдегі көптеген табысты кездесуге толы болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-аккаунтында хабарлады.  

Баспасөз хатшысының мәліметінше, мемлекет басшысы Тұңғыш президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алғанын атап өтті.

Тоқаев қазақстандықтарды дүрліктірген мәселеге нүкте қойды

Тоқаев сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен барғанын және келіссөздер өте нәтижелі өткенін еске салды.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатыстым. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр", - деді президент.

Ол сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшысымен келіссөздер жүргізгенін айтты.
Биыл Қазақстанға ресми сапармен Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның мемлекет және үкімет басшылары келді.
"Осы сапарлар мен кездесулер өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік тудырды", - деп түйіндеді Тоқаев.

 

Жаңалықтар
0