Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадтағы Т-34-85 танкі

Путин ҰҚШҰ елдерінің әскерилерін Жеңіс парадына қатысуға шақырды

32
Ресей басшысы әріптестеріне ҰҚШҰ елдері әскери контингенттерінің Қызыл алаңдағы парадқа қатысу идеясын қолдағаны үшін алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше барлық елдің әскери қызметшілері 9 мамырда Қызыл алаңдағы парадқа қатыса алады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Қымбатты достар, келесі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын бірге атап өтеміз. ҰҚШҰ елдерінің барлығында еске алу мемориалдық, әлеуметтік, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізудің жоспары келісілді. Біз ҰҚШҰ елдері әскери контингенттерінің Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысуы туралы идеяны қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - деп РИА Новости Путиннің сөзінен үзінді келтірді.

Ол Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларын 2020 жылдың 9 мамырында Мәскеуде өтетін мерекелік шараға шақырды.

Путин ҰҚШҰ-ға мүше елдер "Кеңес Одағы халықтарының фашизмді жеңудегі шешуші рөлі туралы шынайы ақпарат тарату" мәселелерінде бұдан кейін де біртұтас ұстанымда болуы тиіс екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Ұйымға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Путин тағы не деді

ҰҚШҰ-ға төрағалық Қырғызстаннан Ресейге ауысады. Федерация 2020 жылы сабақтастықты қамтамасыз етеді, деп сендірді Владимир Путин.

Ол Ресей ҰҚШҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа өзектендірілген есірткіге қарсы стратегиясын жасауға бастамашылық етуге ниетті екенін айтты.

 Путин сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгершілік қызметін күшейтуге шақырды.

Оның пікірінше, Ұйым бөлімшелеріне БҰҰ қамқорлығындағы бітімгершілік операцияларына қатысуға мүмкіндік беретін құжаттарды әзірлеу керек.

Ресей Сириядағы лаңкестермен күрес тәжірибесін ҰҚШҰ форматында қолдануға дайын, деп атап өтті Путин.  

32
Кілт сөздер:
әскери парад, Владимир Путин
Загрузка...