Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет

Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті

168
(Жаңартылды 15:10 29.11.2019)
Тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібі, екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативті кездесуі алаңында Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Мирзиеев Назарбаевқа Өзбекстанның өңір елдері көшбасшыларының кездесуін өткізу туралы бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесуі өңірде көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін және өзара іс-қимылдың нақты жобаларын ілгерілетудің тиімді алаңы екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев "Самұрық-Қазына" туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

Кездесуде көшбасшылар жаһандық және өңірлік күн тәртібі, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Назарбаев пен Мирзиеев тет-а-тет форматында кездесті. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде видео жариялады.

Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.

168
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Шавкат Мирзиёев, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев "Самұрық-Қазына" туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі
Назарбаев өзінің орынбасарына тапсырма берді
Назарбаев нұротандықтарды аяқ астынан жинап алды
Назарбаев ұсыныс жасады: Кремльдің жауабы қандай?
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады
Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық жағдай болды - видео
"Болар іс болды": Назарбаев кеше Путинмен не жайлы сөйлескені белгілі болды    
Назарбаев сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды
Загрузка...