Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель

Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

141
(Жаңартылды 12:35 06.12.2019)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Украина мәселесіне тоқталып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқы бейбіт өмір сүруге лайық екенін айтты. Ол Украина мәселесі норманд форматында шешілуі тиіс екенін атап өтті.

"Украина мәселесі норманд форматында шешілуі тиіс деп ойлаймыз. 9 желтоқсан күні Парижде норманд форматының отырысы өтеді. Украина халқы бейбіт, жақсы өмірге лайық деп есептейміз", - деді Қазақстан президенті Германияда өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Қазақстан мен Украинаны достық, әріптестік қатынас байланыстырып отырғанын айтты.

Бұған дейін немістің Deutsche Welle телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Тоқаев Қырымдағы жағдайды аннексия деп санамайтынын айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев астана атауының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді – видео

Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Украинаның сыртқы істер министрлігінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді. Ол Қазақстан Назарбаев басшылық еткенде де, Тоқаев басшылық еткенде де Қырымды ресми түрде Ресей федерациясының бөлігі деп танымағанын жеткізді.

"Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның позициясы өзгерген жоқ. Бұл біздің еліміздің ресми ұстанымы", - деді Ертісбаев.

141
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Украина
Тақырып бойынша
Тоқаев кімнің арқасында Қазақстан халықаралық алаңда лайықты орын алғанын айтты
Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео
Меркель Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады – видеотрансляция
Президенттің Германияға сапары: Тоқаев Меркельмен келіссөз жүргізеді
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

11
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

11
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

220
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

220
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев